Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ақпанда ауа райы қандай болады?

Қазақстанда ақпанда ауа райы қандай болады?



"Қазгидромет" РМК 2024 жылдың ақпан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Консультативті синоптикалық ауа райы болжамына сәйкес, 2024 жылы ақпанда республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Алматы мен Жетісу облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарының тау және тау бөктеріндегі аудандарында норма шамасында болады деп күтіледі.


"Ақпанда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде климаттық норма шамасында, Атырау облысында, Қостанай облысының солтүстік жартысында, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің тау және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп болады деп болжанған. Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын көбінесе қар түрінде, оңтүстік жартысында жаңбыр, қар түрінде жауады деп күтіледі. Тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі", - делінген хабарламада.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев
kaz.tengrinews.kz​​​











01 ақпан 2024 ж. 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930