Сағындым аға өзіңді, жүрек жарды сөзіңді
Адамның өмірі қамшының сабындай ғана. Өмірден кім өтпей жатыр? Сал да, сері де, батыр да, ақын да. Бірақ сол азаматтардың арасынан халқының жүрегінен ойып орын алатын, есінен шығармайтын жандар болады. Солардың қатарына Жақсылық Үшкемпіров ағамды қосар едім.
Көп жылдардан бері сыртынан атына қанық болып жүргеніммен бетпе-бет жүздесу, пікірлесу сәті 2018 жылы 23 желтоқсан күні түскен болатын. Алматы қаласына барған кезімде Жақсылық ағамен кездессем деген ойымды іске асыру мақсатымен телефон шалдым. Ағам менің өтінішімді бірден қабыл алды. Телефон шалған күннің ертесіне қасыма адам қосып беріп, өзі қамқорлыққа алған Мыңбаев ауылының тыныс-тіршілігімен танысуға жағдай жасады. Екі жігіт осы ауылда іске асқан игі тіршіліктермен таныстырды. Ауылға Жақсылық ағаның жомарттығымен мешіт, балабақша, спорт мектебі, мәдениет үйі салынған, көшелер асфалтталған, көгілдір отынмен толық қамтылған. Кеңес одағынан қалған 38 бөлмелі қонақ үйді жөндеп, жас отбасыларға пайдалануға берген. Сонымен қатар қаншама ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылған.

Тіпті мал шаруашығылығын дамыту бағытында ірі қара санын көбейтіп, жылқыны асылдандыру, сондай-ақ мал етін экспортқа шығару да жолға қойылған екен. Ал кешке Жақсылық аға Алматыдағы үйіне қонаққа шақырды. Бала-шағасымен таныстырды. Өзінің дене пішіні шағын болғанымен жүрегі кең таза, қазақ халқы десе жанын беретін азамат екенін сұхбаттасқан кезде аңғардым. Себебі әңгімелескен 5-6 сағат ішінде қазақтың болашағы дені сау, білімді, мәдениетті жастардың қолында екенін айтты. Қазақтың әр баласы мықты спортшы болғанын қалаймын дес-ті. Әсіресе ауыл балаларының бағын ашып, әлемдік додалардан бой көрсеткенін мақсат тұтатынын жиі қайталады. Маған да ауыл спортын дамытуға үлес қосуды тапсырды.
Жүздесу барысында Мәскеу олимпиадасына дейін орыстың солақай саясатының кесірінен көрген қиыншылықтарын тарқатты. Сол кездегі қазақ елінің басшысы Дінмұхаммед Қонаевтың спортқа қайта келуіне қолдау білдіріп, ықпал жасағанын ерекше тебіреніспен айтып берді. Міне, осы бір естеліктерді өшірмей қолыма қалам алып естелік жаздым. Жақсылық ағаны сағыну, аңсау заңдылық. Мүмкін тірі болса әлі де қанша адамға қамқор, пана, жаға болар ма еді. Жақсылық ағадай адамдар көбейсе айбарымыз артып, елдің сәні кіріп, дами түсетініміз сөзсіз. Адамдардың бір-біріне мейірім, қамқорлығы артқан сайын, тұрмысымыз түзеліп, өркениет көшінен қалыспаймыз.
Мәскеудің төрінде ең алғаш Қазақстанның атынан боз кілемде белдесуге шыққан алтындай ардақты, қорғасындай салмақты Жақсылық ағаның чемпион атануы сол «қазағым» деп соққан жүрегінен. Ол елдің даңқын, жердің атын ғана шығарып қойған жоқ, қаншама шәкірт тәрбиеледі. Қазақ спортын дамыту үшін ауылдық жерлерден спорт мектебін ашуға атсалысты. Мал шаруашылығын дамытып, халықтың тұрмысын түзеуге тырысты. Сол себепті Жақсылық Үшкемпіровтың жақсы ісін жастарға үлгі етудің еш әбестігі жоқ. Қазақта «Бір адам жаққан отқа мың адам жылынады» деген сөз бар. Жақсылардың жанында, даналардың назарында жүріп, олармен дәмдес, сұхбаттас болу өмірдің өлшеусіз бақыты мен дәулетіне ие болу деп есептеймін. Осындай бақытты мен Жақсылық ағаммен сұхбаттасқан кезде сезіндім.
Әлияр Сейітов,
Шиелі сушар өндірістік учаскенің
ардагерлер кеңесінің төрағасы
Шиелі сушар өндірістік учаскенің
ардагерлер кеңесінің төрағасы