Халық денсаулығы – ең қымбат қазына
2020 жылы елімізге коронавирус індеті таралып, ақ халаттылардың қадірін ұқтырған еді. Биыл да түрлі жұқпалы аурулар көбейіп, медицина қызметкерлерінің иығына айтарлықтай салмақ салып, жауапкершілігін арттыра түсті. Күн-түн демей, еңбек етіп жатқан жандарға, әсіресе, жұқпалы ауруларды емдеуге арналған аурухана қызметкерлерінің жүктемелеріне қарап осыны ұқтық. Тұмау, қызылша сынды аурулардың көбеюіне құбылмалы ауа райының да әсері бар дейді халық. Мәселенің анық-қанығын білмекке аудандық аурухананың бас дәрігері Алмас Әбілпәттамен тілдескен болатынбыз.
– Жыл басынан бері тұмау инфекциясын жұқтырған 1498 адам тіркелді. Оның 1029-ы бала болса, 399-ы ересек. Сондай-ақ 70 жасөспірімнен тұмау белгілері анықталған. Ал қызылша ауруы балалар арасында көбейіп барады. Нақтырақ айтсақ, 186 баладан қызылшаның белгілері анықталды. Тіпті тиісті екпені алмаған 25 ересек адам да қызылша ауруымен ауырды. Байқағандарыңыздай, дерттің басым бөлігі балалардан байқалып отыр. Оның бірінші себебі балалабақшадан бір-біріне жұғуы. Екіншіден, «Халық айтса, қалт айтпайды» дегендей ауа райының күрт жылып немесе суып кетуінен де ауру белгілері асқына түседі. Үшіншіден уақытылы екпе қабылдамауы да ахуалды күшейтіп жібереді, – дейді бас дәрігер.

Расында, екпе десе екі өкпесін қолға ұстап қашатын халге жеттік, бүгінде. Тәжтажал тараған тұста желдей ескен жалған ақпараттар халықтың санасын улап тастағандай. Ендігі жерде екпе десек барлығы да үрки қарайды. Алайда уақтылы екпе қабылдамағанның салдары жұқпалы аурулардың өршуіне алып келді. Осы бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын да тілге тиек етті бас дәрігер. Қазіргі таңда БЦЖ, Пневмокок, АбКДС, Пневмо, ККП, ОПВ, Гриппол сынды екпелер кезең-кезеңімен салынып жатқандығын да жеткізді.
Дәрігер бар, дәрі ше?
Бас дәрігердің мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда 1121 медицина қызметкері бар. Халыққа 203 дәрігер, 918 орта буынды қызметкер, 15 психолог пен 36 әлеуметтік қызметкер көмек көрсетуде. Бұған дейін де аудандағы мақтаулы дәрігерлерді газет бетіне жариялап жүрміз. Сондықтан дәрігерлерді емес, бұл жолы дәрі-дәрмектің жайын қаузамақпыз. Өйткені аудан тұрғындарының 32,6 пайызы аурудың нозологиялық түрлеріне сәйкес диспансерлік есепте тұрады. Олар бекітілген тегін дәрі-дәрмекті уақытылы, үзіліссіз алып отыруы тиіс. Ал ол үшін жыл басында 528 761 961,69 теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ересектерге 38 553 198,82 теңге, балаларға 7 329 063,7 теңге қаражат қаралған. Мәселен, республика бойынша сирек кездесетін орфандық аурумен есепте тұратын балалар бар. Қазіргі таңда «Целикация» диагнозы бар 7 балаға «Креон 10 000» препараты тегін берілуде. Осы балаларға қазан айынан бастап глютенсіз ұн, макарон тамақтары да аймақ дәрігері рецептісімен тегін берілуде» дейді А.Әбілпәтта.

Одан бөлек елді мекендерді дәрімен қамту үшін 1 елді мекеннен жеке дәріхана ашылған. Атап айтар болсақ, шалғайда орналасқан Сұлутөбе мен Тартоғай, Ботабай, Еңбекші және Бекежанов, Қодаманов, Ақмаяда дәріхана желісі жұмыс істеп тұр екен. Алдағы уақытта Бәйгеқұм, Жөлек, Жақаев, Қарғалы медициналық мекемелерінен ашылатынын да сөз етті. Әзірге қолбайлау болып тұрған басты мәселе фармацевтикалық білімі бар маманның болмауы. Бас дәрігер келер жылы аталған мәселені шешу үшін 10 орта медициналық білімі бар маманды оқытуды жоспарлап отыр.
Күрделі оталар ауданда да жасалады
Маман тапшылығын сөз еткен соң, «облыста ғана жасалатын күрделі оталарды жасауға маман тапшы ма, әлде техника қауқарсыз ба?» деген сауал санамызға сап ете түсті. Бас дәрігер бұл сауалдың да жауабын берді.

– Президенттің 2022 жылдың 1 қыркүйегінде жариялаған Жолдауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, нығайту мақсатында ауыл медицинасын модернизациялау мәселесі арнайы тапсырылған болатын. «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау Ұлттық жобасы және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық Ұлттық жобасы аясында ауданаралық аурухана заманға сай жаңғыратын болады. Осы уақытқа дейін жедел миокард инфарктысы және коронарлық тамырлардың стентпен қалыптастырылуы, жедел ми қан айналымының бұзылуы кезінде миға компьютерлік диагностика жасау және миішілік гематоманы отамен алу қызметі тек облыс орталығында жасалатын еді. Енді осы оталарды аудан халқы өзімізде жасата алады. КТ апараты іске қосылып, 6 төсектік инсульт орталығы қазан айынан бастап жұмысын бастады. Келер жылы аурухана ғимаратына қосымша блок құрылысы жүргізіліп, магнитті-резонансты томограф, ангиограф, эксперт калссты УДЗ аппараты алынатын болады. Аурухананың көпбейінді болып өзгеруіне байланысты интервенциондық кардиолог, МРТ, КТ аппараттарын білетін рентгентолог-радиолог мамандықтарына өз қызметкерлеріміз бейімделіп жатыр, – деді А.Әбілпәтта.
Ауылдағы ахуал
Жоғарыда Президент Қ.Тоқаев «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасын ұсынғаны сөз болды. Демек тозығы жеткен ауылдағы амбулаториялардың жайы-күйі де назардан тыс қалмау керек. Ол үшін желтоқсан айын өткерсек болғаны. Бас дәрігер жаңа жылдың еншісінде Тәжібаев, Алмалы, Ортақшыл, Тартоғай, Бестам елді мекендеріндегі ескі амбулаторияның құрылысы қолға алынатын болады дес-ті. Сондай-ақ Бәйгеқұм ауылдық округіндегі 10 төсектік стационарлық бөлімшесі бар дәрігерлік амбулаторияның ғимараты мен кенттегі «Болашақ» және «Көкшоқы» алғашқы медициналық көмек орталығын күрделі жөндеуден өткізетін болады.

Дәрігердің атқаратын міндетін өзі жанып жатса да, жан-жағына жарығын түсіретін шамға теңеуге болады. Оны «Ұлы Отан соғысы кезіндегі деректерге ден қойсақ, дәрігерлер оқ пен оттың ішінде тұншыққан ауыр жаралылардың 72 процентін қайта сапқа қосқан» деген деректен аңғаруға болады. Сол жауынгерлер бейбіт күнге жетіп, ұрпақ өрбітіп, ұзақ өмір сүрді. Мысалды әріден іздемей-ақ, кешегі пандемия кезіндегі дәрігерлердің жанкешті әрекеттерін айтсақ та жетіп артылады. Кеңес Одағының маршалы Иван Баграмян кезінде: «Дәрігерлердің майдан даласындағы образы гуманитарлық ерліктің шыңы болды» деген екен. Ал біз, тәуелсіздік ұрпақтары дәрігерлерді «Бейбіт күннің батыры» деп бағаладық.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ