Сыбайлас жемқорлық – еліңе жасаған қорлық

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға мемлекеттік басқарудың жоғары деңгейінде үлкен көңіл бөлінеді, бүгінде бұл күрес өзінің шиеленісін төмендетпей отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз осы әлеуметтік дертке бірге батыл қарсы тұруымыз қажет. Менің түбегейлі ұстанымым: мемлекет сыбайлас жемқорлықпен оны түп-тамырымен жойғанға дейін күресуі қажет» деп атап өтті.
Кеселдер кез келген қоғамда бар: олар өте тез тарайды, өкінішке орай, үлкен еңбекпен жойылады. Үкімет сыбайлас жемқорлықпен Заңға сүйене отырып күреседі. Бірақ сыбайлас жемқорлықты түпкілікті жеңу үшін тек қатаң жазалау аз, ол үшін ауқымды, кешенді жұмыстар қажет. Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың ғана емес, Қазақстанның әрбір азаматының бірінші кезектегі міндеті болуы қажет!
Арайлым Қазыханқызы,
аудандық Қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы
аудандық Қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы