Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қанатқа қанат бітірген марапат

Қанатқа қанат бітірген марапат

Соңғы екі жылдың бедерінде жетім-жесір мен мұқтаж жанға қайырымдылық қолын созып, талантты жасқа қолдау көрсетіп, меценаттықтың мерейін шығарған, Қанат Биімбетов дархандықтың тағы бір даңғыл жолын ашты. Ол ел Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас қоғам. Берекелі қоғам» атты халыққа арнаған Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілетін республикалық байқауға қатысты.
Нәтижесінде Астана қаласында өткен «Ел құрметі» қоғамдық қоры тарапынан берілген «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» төсбелгісін кеудесіне тақты. Бүгінгі заманның тұлғасын анықтап, оны көзі тірісінде құрметтеу, беделін биіктетіп, абыройын асқақтату, жаңа биікке жігерлендіретіні сөзсіз.
Қанат Биімбетов жақсылық жасап, көптің алғысын арқалап жүр. Осы тұста «Кәсіпкерлікті баюдың көзі емес, қызмет көрсетудің құралы деп түйсінетін азаматтың қатары көбейсе» деген тілек бар.

«Өскен өңір» ақпарат
28 тамыз 2023 ж. 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031