ТІРЛІГІ ОЗҒАН ОРТАҚШЫЛ
Біздер әрқашан да ауылды ардақ тұтамыз. Ауыл Алаштың қаймағын бұзбай сақтап келе жатқан қасиетті мекен. Қазақы дәстүр мен салт, ырым мен тыйым, тәлім мен тәрбиенің һәм діл мен тілдің бірден-бір қайнар көзі де осы ауыл. Аудандағы Ортақшыл ауылдық округінің тарихы терең. Бүгінде талай оңды істерді бағындырып келе жатқан ауылдың тыныс-тіршілігін білмек ниетте ауыл әкіміне байланысқа шықтық.– Жақсылық Нұридинұлы, біз білетін Ортақшыл ешқашан аласарып, артта қалған емес. Осы ретте, алдымен ауыл турасында, оның ішінде, ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар жайында жалпы сипаттама берсеңіз?
– Біріншіден, біздің округ жайлы білмекке ат арылтып келгеніңізге рахмет! Ал енді сауалға көшсек, Ортақшыл ауылдық округі екі елді мекеннен – Ортақшыл және Қызылқайыңда 1412 адам тұрады. 276 түтін бар. Ауыл тұрғындарына тұрғын үй салу үшін жер учаскелері табысталып, жаңадан 5 тұрғын үй қосылды. Ауылдық округ көлемінде осы жылы 32 жеке кәсіпкерлік субъектісі, 1 шаруа қожалығы ашылды. 8 адам 1 225 200 теңге көлеміндегі грантты жеңіп алса, «Іскер» бағдарламасы арқылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 1 шаруа қожалық пен 3 жеке кәсіпкер 14,7 млн теңге көлемінде несие алды. 55 азамат жұмыс іздеуші болып тіркеліп, 20-сы ақылы қоғамдық жұмысқа, 23-і тұрақты жұмысқа, 2 адам алғашқы жұмыс орнына, 2 адам жастар тәжірибесі бойынша жұмыспен қамтылды.

– Ауыл шаруашылығын ел экономикасын алға сүйрейтін драйвер деп жатамыз. Расында солай. Ал енді азық-түлік қауіпсіздігіне жауап беретін осы саланың округтегі аяқ алысы қалай? Соған тоқталсақ.
– Иә, орынды әрі басты сұрақ осы болар. Біздің ауылдық округ бойынша жалпы 349 гектар жерге егін ектік. Негізгі дақылдар: тары - 140, картоп - 35, көкөніс пен бақша өнімдері - 174 гектар жерге орналастырылды. Айта кету керек, ауыл тұрғындарының күшімен каналдарды қоғадан және лайкадан аршу жұмыстары жүргізілді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша округ аумағында 5900 уақ мал, 4341 ірі қара және 1113 жылқы тіркеуге алынды. Ортақшыл ауылы тұрғындарының күн көру кәсібіне айналған тары өсіру ісінің машақаты мен өндірілер өнімі көп екенін былайғы жұрт біз айтпай-ақ біледі. Мәселен, еңбеккерлер өздері еккен тарыдан 60-70 қап өнім алса, оны арнайы тоқ диірменімен айналдырып алады. Тұрақты тұтынушылары да жетерлік. Жалпы айтқанда, сөк пен тары біздің ауылдың нағыз бренді. Енді заманауи технологияны кәдеге асырып, тары өсіру технологиясын жетік меңгеретін болсақ, бұл өнімдерді әлем нарығына шығаруға болады.

– Ауыл шаруашылығы жайлы айтқан соң, ойымызға ағын су мәселесі еріксіз түсетіні бар. Бұл тіршілік нәрі болмаса, жаз бойы тер төккен шаруаның еңбегі еш кететіні сөзсіз.
– Жөн-ақ. Ағын су мәселесі тек біздің өңірде емес, еліміз бойынша десек те болады, өте өткір тұр. Ортақшылға негізгі аяқ су жеткізетін «Л-5» және «Л-5-2», «Жаңа сас» аумағы. Ауыл тұрғындарының күшімен каналдарды қоғадан және лайкадан аршу жұмыстары тұрақты жүргізілді.

– Ауылдық округ бюджетінің орындалуы мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар үшін үлкен қолдау – «Атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы туралы да сөз қозғаған жөн сияқты.
– Әрине. Ауылдық округ бюджетінің орындалуын сараптасақ, биыл «Мүлік» салығы жоспар бойынша 105,0 мың теңге болса, орындалғаны 119,440 теңге. «Көлік» салығы жоспарға сәйкес 749,0 болса, орындалғаны 1 957 920 мың теңге. Яғни, 243,3 пайызға орындалды. «Атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 19 отбасы мен 111 адам 8 811,8 мың теңге көлеміндегі қаражатпен қамтылды.

– Ортақшылға жол түскен сайын жарамды жол, абаттандырылып, көгалданған айналаны көреміз. Ол көктемгі, күзгі екі айлықтардың ғана емес, күнделікті әрекеттің арқасы болар?
– Абаттандыру жұмыстарына келетін болсақ, Ортақшыл ауылдық округі бойынша санитарлық тазалық жұмыстары әр сенбі күндері ұйымдастырылып тұрады. Н.Бәйімбетов, А.Иманов, К.Ерубаев, С.Тілеубаев, А.Құнанбаев көшелеріне ағымдағы жай жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көктемгі уақытта «Рахия» бауы және мемлекеттік мекемелермен кәсіпорындар ауласына 550 дана көшет отырғызылды. Электр желілерінің тозуына байланысты жаңадан 1 дана трансформатор сатып алынды. Ауылдық округтің жергілікті салық түсімдерінен түскен қаражатты қоғамдастық мүшелерімен ақылдаса отырып, ауылдың көркейіп, көгалдандыруына жұмсалып және санитарлық тазалық жұмыстары үнемі жүргізілуде.

– Округ бойынша тұрғындардың өтініш-тілегі, арыз бен шағымы жоқ деп айтуға болмас.
– Иә, солай. Арыз-шағымдарға келсек, 2023 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша ауылдық әкімшілікке 626 хат кірістеліп, 328 қатынас хат шығысталды. Осы кезеңде 58 өкім, 9 шешім шығарылды. «Е-өтініш» сервисі арқылы 3 арыз, 2 сұрау салу түсті.

– Жақсылық мырза, ауылдың көркейіп, халқының тұрмыс-тіршілігі оңдалуын – еліміздің жарқын болашаққа аяқ басқаны деп бағамдасақ болады. Бақ-береке дарыған ауыл – Ортақшылдан күтеріміз де жақсылықтың жаңалықтары еді. Өзгелерге үлгі болар сұхбатыңыз үшін үлкен алғыс айтамын!
Сұхбаттасқан
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ
Сұхбаттасқан
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ