Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тірлігі төрге, өндірісі өрге озған өлке

Тірлігі төрге, өндірісі өрге озған өлке

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баса назар аударып, жіті қадағалап отырған басым бағыттарының бірі – тұрғындарды газбен қамтамасыз ету. Осыған байланысты қазір ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің орындалуы тұрақты бақылауда. Көгілдір отынмен қамтамасыз ету қарсаңында аудан орталығындағы көп адам үшін қидың қызуы мен көмірдің шоғына жылынатын уақыт келмеске кетті. Халыққа майдай жағатын көгілдір отын көптің көңілінен шығып отыр. Дейтұрғанмен, өлкемізде әлі де табиғи газдың иісі жетпеген елді мекендер бар екенін де айта кетуіміз керек. Қазіргі таңда аудан бойынша Шиелі кенті және Ы.Жақаев, Бидайкөл, Байсын, Н.Бекежанов, Ш.Қодаманов, Ақмая, Алғабас ауылдары толық көгілдір отынға қосылып, аудан халқының 68 пайызын құрап отыр.
Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен жалпы құны 2 млрд 875 млн. теңгені құрайтын (6 елді мекенде) Еңбекші, Жиделіарық, Алмалы, Ә.Тәжібаев, Досбол Датқа, Бестам ауылдарына газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерінің құрылыс жұмыстарына 1 млрд 531 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында мектептердің қазандық ғимараттарын салуға барлығы 93,6 млн теңге бөлініп құрылыс жұмыстары басталды. Газдың келуі халықты пеш жағу тауқыметінен арылтып қана қоймасы анық. Экологиялық ахуалдың жақсаратынын айтпағанның өзінде, ол аймақ экономикасының қарқынды дамуына пәрмен берері сөзсіз. Әлбетте, мыңдаған шақырымнан құбыр тарту оңай болмасы анық. Өңірімізге бюджеттен бөлінетін қыруар қаржының арқасында келген газдың игілігінен құр қалмай, әр тұрғынның үйінде көгілдір отынның жанғаны екі жақты тиімді. Көгілдір отын – ел өміріне береке, табыс, шуақ алып келеді. Елдің әлеуметтік, экономикалық жағдайына да үлкен серпін береді.
Су – тіршілік көзі
Қазір аяқ суды айтпағанның өзінде ауыз судың да құны "қара алтынмен" бірдей болды.Әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз болды, сусыз отқан қаншама мемлекет бар екенін естіп, ет жүрегін елжірейді. Себебі, денеңе нәр беретін тіршілік көзінсіз бір сәтте өмір сүру мүмкін емес. Алайда осы уақытқа дейін ауыз суды емін-еркін пайдалана алмай, тек мөлшермен тұтынып жүрген елді мекен тұрғындары да біздің ауданда болған. Ендігі кезекте бұл олқылықтың орны толмақ. Себебі ағымдағы жылы шалғайдағы ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Қызылқайың, Қосүйеңкі ауылдарына 404,1 млн.теңге бөлінген. Әне-міне дегенше құрылыс жұмысы да басталып, алыс ауылдық округ тұрғындары да тәтті суды таусылып қалады-ау деген қорқынышсыз пайдаланатын болады. Бұдан бөлек 2023 жылға Шиелі кентіндегі Зекеев, Бөлтекейұлы көшелеріне ауыз су құбырлары құрылысына 73,9 млн. теңге, Жуантөбе, Лесхоз елді мекендеріне су тұшытқыштар орнатуға 34,5 млн. теңге, барлығы 108,4 млн. теңгеге облыстық энергетика басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған.
Құрылысы қарқынды Шиелі
Құрылыс сапасын дамыту, құрылыс өнеркәсібі өнімддерінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру бүгінгі өркениет заманындағы дамыған мемлекеттердңі экономикалық және саяси міндеттерінің басты бағыттарының бірі саналады. Жалпы алғанда, құрылыс кешені ел экономикасына, оның ішінде тұрғындардың әлеуетінің артуына ықпал етеді. Бүгінде ауданның қай түкпіріне барсаңыз да жаңадан салынып жатқан нысанды көресіз. Бұл деген сөз өңірдегі құрылыстың қарқын алғанын көрсетеді. Мәселен, «Ауыл-Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылысы 2022 жылы басталған Шиелі кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің өтпелі құрылысына жалпы 583,0 млн. теңге қаралған. (ҰҚ-528,2 млн.тг ОБ-55,2 млн.тг) 2023 жылға құрылысын аяқтауға облыстық бюджеттен 55,2 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарының 94 пайызы орындалды.
Сонымен қатар, Шиелі кенті Көкшоқы шағын ауданындағы спорт кешенінің ашық алаңын күрделі жөндеуге 224,6 млн. теңге, аудандық бюджеттен қоса қаржыландыруға 11,9 млн. теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілуде. (Маусым айында пайдалануға беру жоспарлануда)
Шиелі кентіндегі жобалық құны 808 млн. теңге болатын 10/0,4кВ электр желілерін реконструкциялауға 100 млн. теңге қаржы бөлініп жұмыстары басталуда.
Шиелі ауданындағы халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына арналған 50 тұрғын үйді сатып алуға 528 млн. теңге қаралды. (РБ-480 млн. тг, АБ- 48 млн. тг.)
Тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында ауданымызда «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 833,2 млн. теңге қаржы (ҰҚ-519.4, РБ-65.4, ОБ-135.4, ЖБ-113) бөлініп, Көкшоқы мөлтек ауданында 18 пәтерлі 4 тұрғын үй құрылысы жүруде. Ағымдағы жылдың тамыз айына 72 отбасына пәтер кілті табысталатын болады.
Жол азабын жүрген білер
Тоғыз жолдың торабында орналасқан ауданда 80 км республикалық, 98 км облыстық, 145,4 км аудандық барлығы 323,4 км автомобиль жолы бар. Қазіргі таңда аудан тұрғындары қиындық көрмес үшін жол жөндеу жұмыстары жүйелі қолға алынған. Шиелі кенті және елді мекендердегі көшелердің саны 401, ұзындығы 395,38 км құрайды. Оның 198,69 км асфальтты, 145,69 км-қиыршықтасты, 51 км-топырақты. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар 88 пайыз)
Қазіргі таңда Ә.Тәжібаев ауылына кіре беріс орналасқан көпірді күрделі жөндеуге 305,3 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. (маусым айында пайдалануға беріледі). Сондай-ақ "Ауыл – ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы аясында Шиелі кенті және елді мекендердің 36 көшесін орташа жөндеуге 565,0 млн. теңге қаржы бөлінді.
13 шілде 2023 ж. 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930