Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Неге үйде ысқыруға болмайды?

Неге үйде ысқыруға болмайды?



Үлкендерден "үйде ысқырма, ақша болмайды" дегенді жиі естіген боларсыз. Қазақта ысқыруға қатысты қандай тыйымдар болған? Massaget.kz тілшісіне этнограф Болат Бопайұлы жауап берді.

Этнограф Болат Бопайұлының қазақтар бұрыннан ысқыру үйге жылан шақырады деп санағанын айтты.


"Ысқыруға болмайды деген бағзы заманнан келе жатырған ырым. Ысқырса үйге жылан келеді дейді. Жыланның өзі ысқырады. Бұрынғы заманның бақсы дәрігерлері жыланды ысқырып шақырып, тілін суырып тастап, тірі жыланмен ауруларды ұштайтын болған", - деді этнограф. 

Қазіргі заманда көпшілік "үйде ысқырма, ақша болмайды" деп айтады. Маманнан бұл сенім неден пайда болғанын сұрадық.

"Қазақ халқы бұрыннан жамандық пайда болады, үйден бақ кетеді, ыдыс шайқалады, үйде жатқан балалар мен үлкендер жаман түстер көріп, қорқыныш-үрей пайда болады деп үйде ысқыруға тыйым салған. Енді қазіргі заманда ақша болмайды деп айтады, бірақ бұл жалпы алғанда тек ақшаға ғана емес, үйдегі берекеге, денсаулыққа, бақ-дәулетке, кіріс-шығысқа бәріне байланысты ғой", - деді этнограф.

Маман ысқыру әдепсіздікке жататынын ескертті.

"Сосын үйде ысқыру жақсы әдет емес. Ысқыру әдепсіздікке, мәдениетсіздікке және көргенсіздікке жатады. Сондай-ақ, үйде ысқыру арқылы ұйықтап жатқан адамдардың мазасын алады", - деді ол.
13 шілде 2023 ж. 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031