Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Волонтерлер – қоғамның ажырамас бөлігі» – Нұржан Жетпісбаев

«Волонтерлер – қоғамның ажырамас бөлігі» – Нұржан Жетпісбаев

img 4464 1

Мейірімділік пен жанашырлықтың символы болған волонтерлер – қоғамның ажырамас бөлігі. Бұл туралы «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының төра­ғасы Нұржан Жетпісбаев Халықаралық волонтерлер форумының сессиясында айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелдерден еріктілер мен қонақтар жиналды. Бұл еріктілер үшін біліктілік жинап, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Жиын барысында Президент өз сөзінде волонтерлердің атқарып жатқан табанды жұмыстарын жоғары бағалайтынын, олардың барлық дерлік бастамаларын қолдайтынын айтып өтті. Мәселен, ерекше еңбегімен көзге түскен белсенді жастарды «Шапағат» медалімен марапатталатын болады дейді. Бұл жақсылық істеуге асық жастарға стимул боларына сенімдімін. Қазақстан халқы мен қоғам үшін атқарылатын игі істердің тиісті бағасын тауып, еріктілердің еңбегін ескеру маңызды», – деді ол.

Ол қазақ жастарының әрдайым көмек қолын созып, жәрдемдесуге асығып тұратынын, бүгінгі күннің батырлары саналатын өрт сөндіруші, дәрігер немесе басқа да азаматтар қатарына міндетті түрде ерікті жастарды қосу керек екенін атап өтті.

«Осы атаққа лайықты рухты азаматтар біздің ортамызда жүр. Еліміздегі ең ірі жастар ұйымы ретінде еріктілермен тікелей жұмыс жасайтындықтан олардың адал еңбек, нағыз маңдай термен, жүрекпен беріле істейтін істеріне куәмін. Ел басына күн туғанда жұртым деп жұмыла қызмет етуден тайсалмайтын рухты волонтерлер әрдайым алдыңғы қатардан табылуда. Арыс, Мақтаарал, әлемді дүрліктірген коронавирустық пандемия, Қостанайдағы және Абай облысындағы өрт кезінде гуманитарлық көмек жинап, оны халыққа үйлестірді. Кей уақыттарда құрылыс жұмыстарына да атсалысты. Бұл атап өткендерім волонтерлер жасап жатқан жұмыстардың бір бөлігі ғана. Одан бөлек қарттарға көмек, балалармен уақытты тиімді өткізу, экологиялық бағыттағы түрлі жобаларды атқарады.


Жыл сайын өтетін «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастыратын «Рухтастар» жастар сыйлығында түрлі бағыттар бойынша номинация мен жүлделер тағайындап, марапаттауды қолға алдық. Тұрақты түрде өтетін жастар сыйлығының, халықаралық форумдар мен шаралардың артарына сенімдіміз», – деді Нұржан Жетпісбаев.
22 маусым 2023 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031