Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қақтығыстарға себеп болғандарды айыптады

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қақтығыстарға себеп болғандарды айыптады


Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі экономикалық санкциялар мен қарулы шабуылдарға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Біз кейбір елдерде экономикалық санкцияларды, протекционизмді, лаңкестікті, экстремизмді, тұрақсыздықты байқаудамыз. Сондай-ақ тәуелсіз елдерге қарулы шабуылдар орын алуда. Бұл жағдай халықаралық құқықты бұзып, ғаламшардағы барлық тұрғындардың ертеңгі күнге деген сенімсіздік атмосферасын ұялатады. Әлемнің ірі мемлекеттері арасында сенімгерлік жоқ. Олар негізінен бейбітшілік пен келісім проблемаларын шешуі тиіс еді. БҰҰ-да келіскеніміздей, соғыс пен бейбітшілік мәселелері БҰҰ іргесінде Қауіпсіздік кеңесімен шешіледі. Алайда бұл нормалар сақталмай келеді", - деді Мемлекет басшысы. Елбасының пайымынша, бұл ахуал кедейшілік, жұмыссыздық проблемаларын ушықтыра түсуде. Нәтижесінде, экономика өсімі төмендеуде, елдердің теңсіздігі тереңдеуде. Ал әлеуметтік теңсіздік экстремизмді тудырады, радикалды революцияларға алып келеді. Осы орайда Н. Назарбаев БҰҰ мәліметтеріне назар аударды. Жер бетіндегі халықтардың 14 пайызы ашаршылық қиындықтарын сезінуде. Бұның салдарынан әлемде жыл сайын 24 мың адам көз жұмады. Жұмыссыздар саны 200 млн адамға жақындады.
Дерек көз: "ҚазАқпарат"



28 сәуір 2018 ж. 1 011 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031