Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа қазақстанның болашағы жарқын болады

Жаңа қазақстанның болашағы жарқын болады


Шын мәнінде әрбір қазақстандықты еліміздегі саяси реформалар, әсіресе әлеуметтік әл ахуал мен экономикалық тұрғыдағы өзгерістер алаңдатаны рас. Сондықтан бұл жолғы Жолдаудан қарапайым халық көп нәрсе күтті. Себебі, елдің дамуы мен стратегиялық бағыты қаншалықты өзгеретіні және оның қалай жүзеге асатыны қоғам үшін алаңдатарлық мәселе екені айқын. Бұл туралы Сырдария аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев пікір білдірді. 

Ең бастысы, мемлекетіміздің саяси реформасы қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруға бағытталғаны айтылды. Бұл жайында Президент: «Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры. Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға бермек. Жалпыұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы», деді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазақстандықтардың алдында тұрған айрықша міндетті атады. Ол міндет еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу. Ал елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік.

Жолдауда елді елең еткен жаңалықтың бірі биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауынын өтетіндігі туралы ұсынысын ел болып қолдадық. Бұл құптарлық жағдай. Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстан құру жолында жаңа сенім мандатына ие болу қажеттілігі туындады. Сондықтан сайлау барысында Мемлекет басшысы қайта сайланды. 

Жалпы Жолдауда айтылған әрбір жолдың астарында елге деген жанашырлық пен қамқорлық жатыр. Әсіресе балалардың болашағы үшін жасалған қадамға қуанбаған жан кем де кем деп ойлаймын. Енді жас жеткіншектердің болашағы үшін қаржы жиналып, мемлекеттің қамқорлығын әрбір отбасы сезінетін болады. Бұл Балалар жылы аясында жаңа «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосуы аса маңызды болмақ. Яғни кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Шын мәнінде бұл қаражат өскелең ұрпаққа кәмелеттік өмірге нағыз жолдама болары сөзсіз.

Сонымен қатар ел, жер мәселесі, әлеуметтік қамсыздандыру, экономика мен саясат, денсаулық, білім саласы барлығы жан-жақты қамтылғаны көңілге қонымды. Барлығы ел күткен, қоғам үшін маңызды мәселе болды. Бастысы айтылған мәселенің нақты шешу жолдары да баяндалды.

"Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз", деп Мемлекет басшысы мәлім еткендей жаңарған Қазақстанның болашағы жарқын болғай!
09 маусым 2023 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930