Биліктің халық үніне құлақ асып, ел пікірін ескеруі қоғам сенімін күшейтеді
Құрметті жерлестер!
Сіздерді 5 маусым күні елімізде алғаш рет өткізгелі отырған Жалпыхалықтық референдумды қолдауға шақырамын! Себебі ол Жаңа Қазақстанның құрылуы жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып саналды. Референдум елдегі саяси ахуалға жаңа дем бермек. Атап айтқанда, Ата заңдағы 98 баптың 33-іне өзгерістер енгізіледі. Яғни, тұтас саяси жүйе жаңғыру жолында десек болады. Егер біз, халық болып өзгерістерді қолдасақ, Президент, мемлекет, үкімет, парламент секілді басқарушы органдар барлығын батыл жүзеге асыра алады. Еліміздің дамуына, өлкенің өркендеуіне бірге атсалысайық, ағайын! Мемлекет басшысы ұсынған реформа - Қазақстанның стратегиялық болашағын айқындайтын бастама.
Ата-заңға енгізілетін өзгерістер Жаңа Қазақстанның бағыт-бағдарын айқындап береді. Бұл мақсатқа жету үшін биліктің халық үніне құлақ асып, ел пікірін ескеруі қоғам сенімін күшейтеді. Халық арасында дұрыс пікір, дұрыс әрекет болуы үшін әрбір заңымызды халық өзі қабылдау керек .
Әр азаматтың дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қоса алатынына сенімім мол.
Палымбетова Найля Әбілқасымқызы,
Шиелі ауданының Әйелдер кеңесінің төрайымы