Жеңіс туын желбіреткен майдангер
Адамзат тарихында ең сұрапыл соғыстың аяқталғанын биыл – 78 жыл. Жер шарына үлкен қайғы-қасірет алып келген соғыс 40 мемлекеттің аумағын қамтыған. Майдан даласында 60 миллион адам қаза тапқан. Ел басына күн туып, ер азамат етігімен су кешкен кезеңде қазақтардың да Отанын қорғауға айрықша үлес қосқаны тарих беттерінен белгілі. Сол көптің бірі болып 1941 жылдың шілде айында керделілік Хани Жорабековте Ұлы Отан соғысына аттанады.
Х.Жорбеков – 1923 жылы 15 тамызда Керделі ауылында туған. 1940 жылы Шиелідегі жетіжылдық мектепті бітірген соң, Қызылорда педогогикалық училищесіне түсіп, 1946 жылы бітіріп шығады. 18 жасында аудандық әскери комиссарият арқылы әскери қызметке шақырылды. 1941 жылдың тамыз айында әскери ант қабылдаған Х.Жорабековтың лауазымы №849 атқыштар полкінің бөлімше командирі ретінде көрсетілген. Бұл лауазым соғыста алдыңғы шепте шабуылға шығатын, кеуделерін оққа тосатын батыл солдаттардан жасақталатын бөлімшелерге берілетін болған. Уралап алғашқы айқасқа кірісіп кететіндер де осылар екен. Сержант Х.Жорабаеков бұл міндетін ерлікпен, батырлықпен, тапқырлықпен атқарады. 1941-1943 жылдар аралығында небір кескілескен ұрыстарға қатысып, қазақ жауынгерлеріне тән ерліктер жасайды. 1943 жылы қазан айында болған қырғын шайқаста оңбай жараланған Х.Жорабеков эвакогоспитальда 1944 жылдың наурыз айына дейін емделді. Соғысқа қайта кіріскен ол осы айдың 13-і күні ұрыста неміс фашистерінің үш оғы бірдей денесін ауыр жараққаттап, ары қарай соғысқа жарамсыз деп табылып, еліне қайтарылады.
Еліміздің осындай даңқты ұлдары мен қыздарының өшпес ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті артып, тағылымы мен мәні мейлінше тереңдей түсетіні белгілі. Себебі, сол ғаламат соғыстан аман қалып, ауылға оралған қаншама соғыс ардагерлерінің аттары аталмай кеткені аян. Артында іздеушісі бар майдангерлерді ғана ұрпақ санасына жеткізіп жатырмыз. Соғыстағы Ұлы Жеңіс бізге миллиондаған солдаттардың төгілген қанымен, шыққан жанымен келді. Жеңіс туын желбіреткен майдангерлеріміздің жауынгерлік ерліктері мен бейбіт еңбектегі өнегелі істері жас ұрпақ тәрбиесіне, халқымыздың ынтымағына қызмет ете беретіні сөзсіз.
Сұрапыл соғыстың зардабын бір кісідей көрген Х.Жорабеков соғысқа дейінгі еңбек жолын 1944 жылы тамыз айында «Жиделіарық» жетіжылдық мектебінде әскери жетекші қызметінен бастаған. Х.Жорабеков отбасылық жағдайына байланысты 1947 жылы Өзбекстан Республикасы, Бөке ауданы, «Көк Арал» совхозына көшіп барып, 1948 жылы маусым айында мектепке мұғалім болып орналасады. Кейін көрші «Алхажар» ауылындағы жетіжылдық мектептің директорлығын да қоса атқарады. 1961 жылы қайтадан еліне келген ол Шиелі ауданындағы №151 жетіжылдық мектепке мұғалім болып қабылданады. 1962 жылы «Жиделіарық» бастауыш мектебінде орыс тілі пәнінен сабақ береді. 1964 жылы «Жиделіарық» мектебінің сегіз жылдыққа ауысуына байланысты мектептен шығып, «Жиделіарық» ауылына ферма меңгерушісі болып, ауыл шаруашылығында еңбек етеді. 1966 жылы 28 қыркүйекте Шиелі аудандық сотының «сот орындаушысы» қызметін атқарады. 1968 жылы Қызылорда УПП КОС мекемесінің Шиелі филиалында есепші-қоймашы қызметінде болса, 1970 жылдың ақпан айынан бастап «Қарғалы» ауылындағы №241Қ.Әбдіқадыров атындағы мектепте бастауыш сынып мұғалімі қызметін зейнетке шыққанша атқарып, кейін «Қарғалы» қаракөл совхозында аға шопан атанады.
Соғыс және еңбек ардагері Х.Жорабеков 1989 жылы 66 жасында дүниеден озды. Соғыс жылдарындағы ерлігі үшін «ІІ дәрежелі Ұлы отан соғысы» орденімен, соғыстан кейін Жеңістің 20, 30, 50 жылдықтары медальдарымен марапатталған. Өнегелі, еңбекшіл отбасы қай жерде болмасын Отансүйгіштік тәрбиесімен көпшілікке танымал болып жатты. Сүйген жары Зөре Дүрімбетова екеуі 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсіріп, білім берді. Олардан тараған перзент бүгінде қоғамның әр саласында еңбек етуде.
Көз алдарыңызда өзі емес, бейнесі қалған соғыс майдангері, еңбек ардагері Х.Жорабеков еліне елеулі, халқына қалаулы, кейінгілерге үлгі, ардақты азамат болған. Оның соңғы сапарға дейінгі өмірі Қарғалы ауылы тұрғындарының аузында жақсы жағынан жырланып,үлгі тұтар бейнеге айналған. Олардың аудандық ономастикалық комиссиясынан сұрар мәмілесі де мәнсіз емес. Оп-оңай. Соғыс және еңбек ардагері тұрған көше «Құрылыс» деп аталады. Осы құрылыс аяқталса, көше атауы неге Жорабеков Ханидің атымен аталмасқа? Қанша жыл өтсе де бірде-бір майдангер, еңбек ардагеріатаусыз, ескерусіз, елеусіз, қамқорлықсыз қалмауы тиіс. Олардың көрген азаптары, бейнеттері, өлшеусіз жанқиярлық ерліктері, бізді сондай жандарды құрметтеуге, қызмет етуге итермелейді.
Соғыс және еңбек ардагері Х.Жорабеков 1989 жылы 66 жасында дүниеден озды. Соғыс жылдарындағы ерлігі үшін «ІІ дәрежелі Ұлы отан соғысы» орденімен, соғыстан кейін Жеңістің 20, 30, 50 жылдықтары медальдарымен марапатталған. Өнегелі, еңбекшіл отбасы қай жерде болмасын Отансүйгіштік тәрбиесімен көпшілікке танымал болып жатты. Сүйген жары Зөре Дүрімбетова екеуі 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсіріп, білім берді. Олардан тараған перзент бүгінде қоғамның әр саласында еңбек етуде.
Өркен ИСМАИЛ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, аудандық ардегерлер кеңесінің төрағасы