Ұмыт қалған ұлттық ойындар
Қазақта 150-ге жуық ұлттық ойын түрі бар. Мұны Әубәкір Диваев, Елеусін Сағындықов сияқты ғалымдар зерттеп, жіктеп шыққан. Аталған ойын түрінің біразы бізге жетсе, кейбірінің атауы өзгерген. Арасында ұмыт болғаны да бар. Қайсыбірін алып қарасаң да ұлттық ойын бала мен жастың ақыл ойын дамытуға, батыл әрі епті болуға тәрбиелеген. Осы орайда ұмыт болған ұлттық ойындардың сипаты мен түріне тоқталғанды жөн көрдік.
Сыр сандық
Қазақтың ұлттық ойындары жайлы іздей қалсаңыз Базарбек Төтенайдың «Қазақ ұлттық ойындары» кітабы алдыңыздан шығады. Біле-білсеңіз этнограф-ғалым ұлттық ойынды зерттеуге отыз жыл уақыт арнаған. Аталған еңбекке жүзге тарта ойын түрі енген. Оның зерттеуінше, түркі тілдес тайпалар ғасырлар бойы ұлттық ойынын дамытып, тіршілікке сай бейімдеген. Мәселен, тас дәуірінде ойынға көбіне өңделген тасты пайдаланса, бертін келе ағашты, малдың сүйегін қолданған. Темір дәуірінде темір құралдарын кәдеге жаратса, алғашқы феодалдық дәуірде байпақ, алтыбақан, арқан тартыс, белбеу тастау, жасырынбақ, бұғынай сияқты ойынның жаңа түрі пайда болған. Кейінірек бұл ойындар қоғамға бейімделіп, түрленген. Заманаға қарай атауы өзгергенімен, ішкі мазмұн сақталған деседі. Мысалы, қарагие – найза лақтыру, қақпа тас – бес тас, садақ ату – жамбы ату. Атауы басқа көрінгенімен, шарты мен тәсілі бір. Оған қоса аймаққа қарай бір ойынның әртүрлі атауы болатыны тағы бар. Айталық, «ақсүйек» ойынын кейбір аймақта «орда», «тоқ тышақ» деп те атайды.
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ жерін мекендеген тайпалардың ұлттық ойындары жайында Рашид-ад дин, Низами-әл-Мүлк, Мосуду, Махмуд Қашқари еңбегінде кездеседі. Батыс Еуропаның ертедегі көрнекті саяхатшылары В.Рубрук, Ә.Маккей, П.Карпини де қазақтың ұлттық ойыны туралы біраз жазба қалдырған. Мысалы, ағылшын саяхатшысы Ә.Маккей «Тоғызқұмалақ» туралы тәптіштеп жазып, әлем назарын аудартты. Қазақ этнографиясын зерттеген А.Янушкевич жазбаларында қазақтардың қыстаудан жайлауға келген сәтін суреттеп, «қыз қуу» ойынына тоқталған.
Ал қазақтың мәдениеті мен этнографиясына зор үлес қосқан зерттеуші Әубәкір Диваев ұлттық ойындарды жинап, біріктірген. Сондай-ақ ойынға қатысушыларды жас ерекшелігіне қарай жіктеген. Мысалы, жеті жасқа дейінгі балалар ойыны, 7-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған ойын, 15-30 жасқа дейінгі ересектер ойыны деп бөлген. Осылайша, жоғарыдағы теориялық ұсынысты негізге ала отыра ұлттық ойындарды үш топқа бөлген. Бірінші топқа сәбилер ойыны деп атау беріп, баланың дүниеге көзқарасын қалыптастыратын ойындарды кіргізген. Екінші топқа бозбалалар ойынын, үшінші топқа жігіттер ойынын жіктеген. Соның ішінде жігіттер ойынын қоғамдық өмірге байланысты жедел қимылды ойындар, спорттық маңызы бар ойындар деп бөлген. Сондықтан Ә.Диваевты ұлттық ойындарды тұңғыш рет классификацияға бөліп, талдаған ғалым ретінде білеміз.
Осы орайда Елемес Әлімханов есімін де қоса атағанымыз жөн. Ол еңбегінде бір ғана балуандар күресін ел арасында қазақ күресі, күресу, белдесу, шалыс, алысу, жекпе-жек, арысқа шығу, күш сынасу, сайысу деп атайтынын жазған. Ал балуандарды дәрежесіне қарай Бас балуан, Түйе балуан, Атан балуан, Нар балуан, Өгіз балуан, Кеуде балуан, Сұңқар балуан, Тархан, Толағай балуан, Арыстан балуан, Барыс балуан, Сұңқар балуан деп бөлген. Елеусін Сағындықов болса «Қазақтың дидактикалық ойындарын сабаққа пайдаланудың кейбір жолдары» атты еңбегінде ұлттық ойындарды үш топқа бөліп, ойын сауық ойындары, оймен келетін ойындар, дене шынықтыру мен спорт ойындары деп топтаған. М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын жалпы ойындар, қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар, ашық алаңқайдағы ойындар, қыс мезгіліндегі ойындар, демалыс ойындары, ат үстіндегі ойындар, аттракцион-көрініс ойындар деп жіктейді.
Айта кетерлігі, дене тәрбиесі мен спорт педагогикасы ғылымдарының докторы, профессор Мұратхан Таникеев ұлттық спорттың дамуын Кеңес одағы тұсында зерттеді. Саланың елімізде ғана емес шет елдерде танылуына үлкен үлес қосты. Ол ұлттық ойындарды төмендегідей топқа бөліп, қазақтың халық ойындары, спорттық ойын түрлері, ат үстінде ойналатын ойын түрлері деп қарастырды. Ұлттық ойындарды көп зерттеген ғалым Б. Төтенаев болса салт-дәстүрлер негізіндегі ұлттық ойындарды жеке қарастырып, соның ішінде мерекелік ойындар мен дәстүрлі халық ойындарын зерттеген. Жастар және қозғалмалы ойындар классификациясын түзіп, бесік жыры негізінде бір-үш жасқа дейінгі бала ойынын, табиғат аясында ойналатын ұлттық ойындар, жан-жануарға еліктеп ойнайтын ұлттық ойындар, затпен, ойын құралы арқылы ойналатын ұлттық ойындар, ойын құралынсыз ойнайтын ойындар деп бөледі. Тағы бір ұлттық ойындарды зерттеуші Шакимшарип Ыбыраев «Соқыр теке» кітабында ойындарды қолданатын материалына, атқаратын қызметіне, айтылу формасына қарай ойын жырлары, айтыс ойындар және ойындар деп бөлген. Осылайша, қазақ халқының ойын фольклорының пайда болуы, дамуы, таралуын қарастырды. Ойынның халық психологиясы, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпына әсерін зерттеу маңызды екенін көрсетті.
Жоғарыдағыдай жүйелеу мен топтаудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі еңбек-тұрмыс, салт, ойын-сауық ойындарын біріктіре отырып, болашақта спорт түріне айналған ойын түрлерін тану. Сондай-ақ дереккөздерден және ел арасынан табылған ойындарды, жаңадан қалыптасқан ойындарды топқа қосып, сипатын түсіндіру.
Білек күшінен, білікке дейін сыналады
Мәселен, ұлттық ойындарды қимылды және қимылсыз ойын тәртібімен ойнаймыз. «Хан талапай», «Хан алшы», «Орнын тап», «Теңге ілу» тағы басқа ойындарды математика жүйесімен онға дейін санап, асықтарды алу ретімен, берілген тапсырмаларды орындаймыз. Тіл дамыту үшін «Соқыр теке», «Сақина жасыру», «Орамал тастамақ», «Ұшты-ұшты», «Қуыр-қуыр қуырмаш», «Киіз үй» сияқты ойынды еске түсіреміз. Ал жоғары сынып оқушылары спортқа ден қою мақсатында «арқан тартыс», «қазақ күресі», «қол тіресі» сияқты ойын ойнаған. Десе де «Ақсүйек», «Бес тас», «Ақ сандық, көк сандық», «Сақина салмақ», «Білектесу», «Күшің жетсе, үзіп кет», «Айгөлек» сияқты түрлі ойын қазір балалар арасында танымал емес. Тіпті кейбір ойын түрі ұмыт болған.
Ботай. Ойын ережесі бойынша құрылған топайларды әр сақаға екі Ди деп аталады. Әр ойыншының екі Диі мен бір сақасы болады. Ойын алаңында Диді құрып топай сақамен атып түсіруі керек. Ойын мақсатында үш табан есептеледі. Мысалы, асық ойнарда шеңбер көрсетсек, мұнда төртбұрыш құрамыз. Өйткені бұл жай ғана сызылған сызық емес спорт ережесіне сәйкестендірілген. Мұнда әр сызық бір табанды көрсетеді. Асық ойынына ұқсағанымен, үңіле білсеңіз біраз айырма бар. Бұл ойын түрінің «Ботай» аталуы тегіннен тегін емес. Өйткені Ботай мәдениетін зерттеу барысында қазбалардан жылқының топай сүйектері табылған.
Қарагие. Бұл ойын көгалда, спорт алаңында өтеді. Ойынға тек ер балалар қатысады. Адам санына шек қойылмайды. Әр ойыншының қолында қайың, ырғай, тал секілді қатты ағаштан жасалған ұзындығы 3-4 метрлік найза таяқ болады. Кейбіреуі таяқтың ұшына жез, одан кейін темір таққан.
Ереже бойынша ойыншылар бас киімдерін шешіп ортаға тастайды. Көмбеден 25-30 адымдай жерге қазық қағып (аралары 1 метр), бас киімдерді қазыққа бір-бірлеп іледі. Сонан соң әр ойыншы көмбеде тұрып қолындағы найза таяғын лақтырып, бас киіміне тигізуі тиіс. Көп тигізген ойыншы ұтады. Әлсіз ойыншы бір-екі рет лақтырғаннан кейін ойыннан шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда жүргізуші оны ойын аяқталғанша жібермей, соңынан «жаза» қолдануы шарт. Бозбалалардың бұл ойыны көшпелі тайпа жауынгерлерінің соғыста мықты да төзімді, найза лақтырған кезде мерген, батыр тұлғалы болып жетілуіне, жекпе-жекте жауға берілмеуіне көп септігін тигізген.
Қазір бұл ойынды ойнағанда биіктігі бір метр қазыққа пішімі 60х60 см тақтай қағып, оның бетіне ортасынан бастап, айнала ұпай санын көрсететін он шеңбер сызылады. Әр шеңбердің арасы бес сантиметр болады. Ойын ережесі бойынша әр ойыншы үш реттен немесе бес реттен нысананы көздейді. Қорытындысында кім қанша ұпай жинағаны анықталып, ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады.
Күміс алу. Ойынға нағыз ат құлағында ойнайтын шабандоз қатысу керек. Олар қатты ағынмен шауып келе жатқан аттың үстінде еңкейіп, жерде ораулы жатқан күмісті іліп алуы тиіс. Атқа шаба білу ғана жеткіліксіз. Оған ержүректік пен шапшаңдық керек. «Күміс алу» ойынына кез келген ат жарай бермейді. Бойы аласа, орташа іріліктегі аттар пайдаланылады. Бәйгеге қосылатын еңселі аттар бұл ойынға жарамайды. Ереже бойынша екі көмбенің ортасына бірнеше жерге шүберекке оралған күмістер тасталады. Ойынға қатысушылар бір көмбеден екінші көмбеге шауып өткен жолында жерде жатқан күмісті еңкейіп іліп алуы керек. Осылайша, ойыншылар кезекпен бір-бір реттен өтіп шығады. Егер ешқайсысы жүлдені іліп ала алмаса, онда екінші көмбеден кері қарай ойынды қайта бастайды. Сөйтіп, жердегі күмісті алғанша ойын жалғаса береді.
Асау көк. Шарт бойынша үй иелері ауылдың алты ауызын айтады да, онан соң қонақ кәдесі деп мейманның өнер көрсетуін сұрайды. Ілесе өнер көрсете алмаған қонақты айып ретінде мінгізетін керме арқан «Асау көк» деп аталады. Кермеге мінген қонақ әрі-бері сүрінбей жүруі керек. Ойынның мақсаты – кешкі астан кейін мейманға ән салғызу, әңгіме-ертегі, жұмбақ немесе жаңылтпаш айтқызу.
Ақшамшық. Бұл ойын ер арасында «Сақина салу» деп те аталады.
Ауыл жастары жиналып, дөңгелене отырады. Ойынға он-он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын жүргізуші алақанындағы сақинаны біріне салады. Ол барлық адамның алақанына сақина салғандай ойынды ары қарай жалғастырады. Қолдарын қабыстыра ұстаған қатысушылар жүзіктің кімде екенін білдіртпеуге тырысады. Сақина салушы «Ақшамшығым, шық!» дегенде, жүзікті қолына ұстаған ойыншы қасындағылардың тосқауылына бой бермей, ыршып шығуы керек. Егер топтан сытыла алмаса, айыбын өтейді. Айып көбіне ән-күй орындау болған.
Тымақ ұру. Тымақ ұру ойынын көгалды алаңда ойнайды. Қатысушылар санына шек қойылмайды. Ойынға әркім өз атымен қатысады. Күні бұрын көмбе белгіленіп 20 метр жерге биіктігі ат бойындай қазық қағылады да, тымақ кигізіледі. Ойынға көз байлайтын орамал керек. Ойыншылар бір сызықтың бойына қаз-қатар тұрады. Басқарушы кезекте тұрған, яғни қатардан өз жағындағы ең шеткі ойыншыны ортаға шақырады. Оның көзін орамалмен байлап, атына мінгізіп, қолына қамшы береді. Осы көзі орамалмен байланған салт атты жігіт қолындағы қамшысымен тымақты дәл ұрып түсіруі керек. Ойын ережесі бойынша тымақты үш рет ұруға еркі бар. Айталық, бір рет ұрғанда тимесе, онда одан ары тымақты іздеп ұруына болады. Онда таба алмаса, тымақты одан ары іздеп тағы ұрады. Осылайша, барлық ойыншы бір реттен айналып шыққанда, тымақты кім көп ұрса, сол ойыншы жеңімпаз.
Ағаш аяқ. Әміре Қашаубаев орындауымен ел ішінде кең тараған «Ағаш аяқ» әні осы ойын атауымен байланысты. Ойыншылар аяғына ағаш аяқ киіп, ептілік танытуы керек. Ағаш аяққа мініп үйренбеген адам дұрыс жүре алмай жұртты қыран-топан күлкіге батыратыны бар. Ал жақсы үйренген адам тез-ақ жүріп өтеді. Әрі ол сырық үстінде тұрып түрлі сайқымазақ сөздер айтып, қимыл жасайды. Ән айтады, екеуара айтыса да алады.
Жорға жарыс. Бұл ойынға кез келген адам қатыса алмайды. Өйткені жарысқа түсетін жорға аттар ел арасында өте сирек кездеседі. Екіншіден, жорға деген аттың өзі кейде желіске түсіп кетеді. Ал ереже бойынша қатысушылар белгіленген екі көмбенің арасын тек жорғалап жүріп өтуі тиіс.
Артықшылығы жарыс тек қысқа, жол ыңғайына қарай 2-3 шақырым аралықта өтеді.
Жамбы ату. Ойын шарты бойынша жамбыны ат үстінде тұрып немесе шауып келе жатып атады. Жарысқа 16 жастан жоғары ерлер мен әйелдер қатысады. Ұзын сырықтың басына күміс немесе алтын шүберекке оралып, қыл арқанмен байланады. Мергендер атқанда ораулы тұрған жібін атып барып, жамбыны жерге түсірген. Нысана мылтықпен немесе садақпен көзделеді. Ату сызығының нысанаға дейінгі аралығы – 15-20 метр. Ал өткізілетін алаңның көлемі 50х200 метрден кем болмауы тиіс. Ойын мергендер тігілген жүлдені атып түсіргенге дейін жалғасады.
Бес тас. Жазбаларға мән берсек, «Бес тас» ойынын сергіту, ой бөлу мақсатында ойнаған деседі. Тарихына келсек, ежелгі дәуірден бастау алады. Махмұд Қашқаридың «Түркі тілдері сөздігі» еңбегінде «бес тас» ойыны туралы мағлұмат кездеседі. Содан «бес тас» сақ-ғұндардан бері келе жатқан ойын екеніне көз жеткіземіз. Аталған ойын жылдамдыққа, қағылездікке, тез шешім қабылдауға үйретеді. Әрі жас-кәріні талғамайды. Кішкентай бес жұмыр таспен немесе еліктің асығымен ойнайды. Ойын «балта шабу», «тоқылдақ», «тарақтау», «құдыққа салу», «қуалау», «кедергі» сияқты көп кезеңнен тұрады. Қатысушылардан кім бастайтынын шешу үшін бес тасты алақанға салып, қолын жоғары серпіп, қолының сыртымен қағып алады. Кім бес тасты түгел жерге түсірмей қағып алса, ойынды сол бастайды.
Ләңгі тебу. Ертеде үнемі ат үстінде жүретін ер азаматтар «ләңгі» ойнап, денесін шынықтырған. Ләңгі – тақымның мықтылығын күшейтіп, адамды жылдамдыққа бейімдейтін ойын. Сойылған ешкінің терісіне құйылған қорғасынды бекітіп, ләңгі жасаған. Ләңгі тебудің де өзіндік шарты, ұпай жинау тәсілі бар. Аяғыңды қия бассаң, көз жылдамдығынан адасып, ұпайдан қағыласың. Сондықтан қырағы болу маңызды. Ләңгі тебу ойыны бертінге дейін жалғасқанымен, қазір ойнап жүргенді кезіктіру қиын. Десе де заманауи ләңгі жасап, айналымға шығарып жатқан кәсіпкерлер бар.
Санамақ. Ойын шарты бойынша бастаушы көпшілік арасынан бір адамды ортаға алып шығады. Ортаға шыққан қатысушы бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей, жүгіріп айтып шығуы керек. Тоқтамай, қателеспей айтып шықса жүлде алады. Егер қателессе ойыннан шығады. Мысалы, жаңылмай, он ақынның атын атауы керек. Болмаса көл мен мұхитты қоспай, он өзеннің атын атауы керек.
Айзат АЙДАРҚЫЗЫ