ТОЛҒАУЛЫ САУАЛҒА – ТҰШЫМДЫ ЖАУАП
Құрметті Шиелі ауданының тұрғындары, мен 2021 жылдың тамыз айында аудандық ардагерлер кеңесінің VIII-ші конференциясында ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайландым. Содан бері халықтың сенімін ақтау жолындағы іске білек сыбана кірісіп кеттім. Елді мекендердің, ондағы қараша халықтың мұң-мұқтажын білмек ниетте ең алдымен 22 ауылдық округті араладық. Ардагерлер алқасымен, ауыл әкімдерімен бірге тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді тыңдадық. Мен олардың ұсыныстарын, талап-тілектерін түгелдей қағаз бетіне түсірдім.
Өткен жылдың бел ортасында аймақ басшысының қолдауымен Шиелі ауданының әкімі болып, туған жердің тумасы Нұржан Ахатовтың тағайындалғанын жақсы білесіздер. Сол кезде мен ауылдық округтерді халқы, ардагерлері, әкімдері айтқан талап-тілектерін жаңадан келген әкімге жолдадым, жеткіздім. Мақсатым – аудан тыныс-тіршілігімен хабардар болсын, ауылдарды аралағанда ол жерге не қажет екенін қосымша біліп отырсын деген ой болды. Жақында мен аудан әкімі Нұржан Сәбитұлынан жауап хат алып, таңғалыс білдірдім. Ол барлық ауылдың кемшін тұстарын зерделеп, өз тарапынан ерінбей, жалықпай жауап беріпті. Оған рақметтен басқа не айтамыз?! Тек көп жаса дейміз. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөзді осылай ұғынған жанға Алланың нұры жаусын демекпіз. Аудан әкімі Шиелінің өркендеуіне өзінің бар күш-жігерін жұмсап келе жатқандығын айта келіп, елмен бірге атқарылған ауқымды істердің барлығын да «аудан ардагерлерінің жылы лебізі, абыз ақсақалдардың батасы, аяулы аналарымыздың ақ тілегі тірек, демеу болды» деп ағынан жарылды.

Әкімнің жауабынан ұққаным – ауданда игі істер аз емес, бірақ тұрғындарды толғандырған жайттар да жоқ емес. Ендеше, есептегі көрсеткіштерді көпіртпей, биліктің басшылыққа алған басымдықтарына үңілгеніміз жөн. Есептің толық мәтіні басылымда бұған дейін де жарияланған. Оның үстіне бұқараны кешегіден гөрі бүгіні мен ертеңі алаңдататыны және аян. Сонымен биыл билік немен қуантпақ?
Ол сапар ең алдымен Сұлутөбеден басталыпты. Аталған ауылда ұзындығы 22 шақырым болатын «Сұлутөбе» каналын қазу мәселесі бойынша 84 млн теңгеге қаржы қаралып, өткен жылы канал толығымен қазылған. Ал сметаға кірмеген каналдың аяқ жағындағы 5 шақырымы ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, қазылады екен.
Майлытоғай округіндегі «Қараой» көліне құятын каналдың 4 шақырым сағасын қазу бойынша аудандық су шаруашылығымен келіссөздер жүргізілу үстінде. Яғни осы жылдың екінші тоқсанында қазылады деген жоспарда бар. Тартоғайдағы егінге қажетті аяқсуды қамтамасыз ету бағытында өткен жылы Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты Нәнсай каналына су толық бармай, Бала би ауылына қарай жырылған аумақ бекітілмепті. Осыған байланысты қазіргі күні Тартоғайдағы жырылған жерге шаруа қожалықтардың көмегімен трубасы қойылып, көму жұмыстары аяқталған. Қайта қалпына келтірілген.
Ал Қоғалыдағы егінгі қажетті аяқсуды қамтамасыз ету бағытында Ботабай және Жаңаарық каналдарына насос арқылы су айдау үшін өткен жылы 4 насос алыныпты. Нәтижесінде тиісті жұмыстар істеліп, аяқсу толығымен жетіп, мәселе шешімін тауып отыр.
Жөлектегі «Жөлек бөбекжай-бақша» КМҚК ғимаратын салу мәселесінің бүгінде жоба-сметалық құжаты толықтай дайын екен. Тек мемлекеттік сараптама жұмыстары қалып тұрған көрінеді. Ол үшін облыстық бюджеттен 1,8 млн теңгеге қаржы қаралмақ. Осы елді мекенге жаңа трансформатор 2022 жылы алынып, осы жылдың ақпан айында орнатылыпты. Сондай-ақ қоғамдық көлік ауылға күніне 4 мезгіл қатынайды.
Жуантөбе ауылдық округі бойынша 2022 жылы 2 трансформатор алынып, орнатылыпты. Қазіргі таңда бұл аталған елді мекенде жарық мәселесі толықтай шешімін тауып отқан жайы бар. Сонымен қатар өткен жылы жуантөбеліктер толықтай көгілдір отынға қосылған. Бүгінде 110 түтін газдың үздіксіз игілігін көруде.
Жаңатұрмыс ауылдық округі бойынша өткен жылы 250 орындық мектептің құрылысы басталған-ды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі деген жоспарда бар.
Еңбекші мен Жиделіарық ауылдық округі бойынша өткен жылы бір-бір трансформатордан алынып, орнатылыпты. Қазіргі таңда Еңбекшіде газ тарту жұмыстары басталған.
Бәйгеқұм, Жөлек, Бәйтерек, Жуантөбе, Ақмая, Ақтоған ауылдық округтеріндегі интернет желісінің әлсіздігі жөніндегі мәселеге байланысты ауылдық округ әкімдіктері тарапынан актив, билайн орталықтарымен келіссөздер жүргізген. Тиісінше арнайы тұғырлар орнатылуда. Бүгінде интернет желілері бір жүйеге келіп, тұрғындар тарапынан шағымдар түспепті.
Иә, бұл аудан әкімінің атқарған өнімді еңбегінің бір парасы ғана. Ауыл тұрғындары мен ардагерлерінің ұсыныстарына аса мән берген, көптеген істің орындалуын жіті қадағалап, орындатқан, оған нақты жауап қайтарған, халықтың сөзін майда-шүйде санамаған аудан әкімі Нұржан Сәбитұлының қызметіне абырой, зор табыс, үлкен жетістіктер тілейміз. Оның халық үніне қосқан тірлігі өзгеге сабақ болсын. Газет бетінде кішкентай сын мақалаға жауап беруге салғырт қарап жатамыз. Ал бұл 22 ауылдық округтің халқына мардымды, нақты хабарлама деп түсінеміз. «Жақсының жақлығын айт, нұры тасысын» деп осындайда айтылса керек-ті.
Өркен ИСМАИЛ,
Шиелі аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы
Шиелі аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы