Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада екі мыңға жуық көлік онлайн рәсімделді

Қызылордада екі мыңға жуық көлік онлайн рәсімделді

Әлі де болса автокөлік сатушылар мен сатып алушылар онлайн рәсімдеудің оңай жол екенін ескере бермейді. Сондықтан қала шетіндегі Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, уақыт жоғалтады. Сол себепті автокөлікті сату мен сатып алудағы жеңіл әрекетті есте сақтаңыз.
Егер сіз автокөлікті сататын, немесе сатып алатын болсаңыз оны онлайн рәсімдеудің екі жолы бар. Көлік өз атыңызда болса egov.kz порталы арқылы мәселеңізді жедел шеше аласыз. Ол үшін ЭЦҚ арқылы порталға кіріп, «Көлік және коммуникациялар» бөлімі арқылы қызметке тапсырыс бересіз. Бұл сіздің небәрі 10-15 минут қана уақытыңызды алады.
Ал екінші жол – ол бәріміз қолданатын Kaspi.kz қосымшасы. Қосымша ішінде «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі арқылы көлік құралын рәсімдеуге болады. Осы қосымша арқылы Мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, Қызылорда қаласы, Астана көшесі 46 мекен жайында орналасқан Цифрлық кеңседен көліктің құжаты мен мемлекеттік нөмірін ала аласыз.
Аймақта жыл басынан бері 4 732 көлік құралы бойынша тіркеу және тіркеуден шығару қызметі көрсетілген. Олардың ішінде 48 көлік egov.kz порталы арқылы, 1936 көлік Kaspi.kz қосымшасы арқылы рәсімделген.

«Өскен өңір» ақпарат
23 ақпан 2023 ж. 303 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930