Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОО-ларда оқу ақысы қымбаттай ма?

ЖОО-ларда оқу ақысы қымбаттай ма?

«Жыл сайын біз университеттерден оқу ақысын көтермеуді сұраймыз, бірақ нарықтағы бағаның өзгеруіне байланысты ЖОО-лар оқу құнын инфляция сандарына байланысты қайта қарайды», деп түсіндірді вице-министр Қуаныш Ерғалиев.
Бұл ретте вице-министр өткен жылғы инфляцияны мысал ретінде келтірді. «Мәселен, өткен жылы, инфляция 14%-ды құрады, кейбір жоғары оқу орындары да оқу ақысын 14%-ға көтерді. Әрине, біз жоғары оқу орындарын оқу ақысын көтермеуге шақырамыз, бірақ жағдай экономикалық жағынан әр түрлі болуы мүмкін», деп атап өтті Қуаныш Ерғалиев.
Оның айтуынша, әр университеттің өзіндік құны бар, орташа көрсеткіш - жылына 300-400 мың теңге. Бірақ кейбір университеттерде жылдық оқу ақысы 500-600 мың теңгеден де асады.
«Оқу құны - өзекті мәселе, келісемін. Айта кетсек, оқу ақысын жоғары оқу орындарының өздері анықтауға құқылы. Оқу ақысы олардың шығындарына да байланысты өзгеруі мүмкін. Барлығы экономикаға байланысты. Инфляция деңгейіндегі өсу - бұл табиғи процесс», деп қосты вице-министр. Жалпы, Қазақстанда 600 мың студент бар. Олардың шамамен 40%-ы грантта оқыса, қалған 60%-ы ақылы негізде оқиды.

«Өскен өңір» ақпарат
09 қаңтар 2023 ж. 568 0

Қоғам

ӘДІЛЕТТІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
03 қыркүйек 2025 ж. 36

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930