Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ОМАРТАШЫ

ОМАРТАШЫ

Ара балының мың сан ауруға ем болатын қасиеті бар екені көпшілікке таныс. Тіпті, бала күнімізде ара шағып алса, аталарымыз «шаққанының өзі шипа, енді қыста ауырмайсың» деп жұбататын. Табиғатынан ерекше жаратылған араның қызыққан жанды өзіне баурап әкетер қасиеті өз алдына бір ғылым дерсің. Ал, оны өсіріп- баптап, балын алсаң, толағай табысқа кенелерің хақ. Бүгінде ауданда осы кәсіппен айналысып отырған 20 кәсіпкер азамат бар. Қыры мен сыры көп кәсіпті меңгеріп, өнімді еңбек етіп жүрген омарташының бірі – Шиелі кентінің тұрғыны Қыдыр Төлеуов.
Аудандағы омарташылықпен айналысып отырған Қыдыр Афиұлының кәсібімен бізде танысып қайтқан болатынбыз. Қазақта «Бал ұстаған бармағын жалайды» деген сөз бар. Ара шаруашылығын тәп-тәуір меңгерген ол балдың түр-түрін өндіріп, оны сатып көптің алғысына бөленіп жүр. Айта кетейік кейіпкеріміздің аталған кәсіпті дөңгелетіп отырғандарына жиырма екі жылдан асыпты.
– 22 жылдан бері осы кәсіптің жолындамыз. Басында көптеген қиындықтар болды. Бірақ іс жүзінде көріп, бұл кәсіпті мықты меңгерген алдыңғы буын ағалардан кәсіптің қыр-сырын үйрендім. Бүгінде үйдегі ұлым да жақсы меңгеріп алды. Қазір 40-қа жуық ұяшығымыз бар. Біздің өсіріп отырғанымыз – «Карника троизек» арасы. Тұқымды жаңартып тұру үшін жылда Шымкент қаласына тапсырыс береміз, – дейді омарташы жұмыс барысымен таныстырып. Араның түрлері шамамен 25 мыңға жуық. Араның бал жинау мен гүлденген дақылдардың өнімділігін арттыру үшін ең көп тараған ортаресейлік, карникалық және қиыр шығыстық іспетті түрлерін өсірген дұрыс. «Карника троизек» арасының артықшылығы көп.
Мәселен, аталған тұқымдас аралар бір күннің ішінде 1400-1200-ге дейін жұмыртқалайды. Салмағы 180 мг дейін. Аралар бейбітсүйгіш, тыныш. Қысқа төзімділігі орташа. Одан бөлек бал жинауға таңертең ертең шығады, әрі кеш қайтады. Жаңбырда да қорек іздейді. Өзгелерден басты айырмашылығы – адамды шақпайтындығы. Тағы бір ерекшелігі, олар темекі мен ішімдіктің, әтірдің иісін жақтырмайды. Жанына жақындаған адамда осы аталған иіс болса ашуланып, тарпа бас салады. Үнемі қозғалыста болады. Содан да болар, оның ұясының ішінде қысы-жазы 30 - 35 градус температура сақталады. Міне, жоғарыдағы біз білмейтін тың мәлімметің бәрін кәсіпке ден қойған Қыдыр аға құлшыныспен әңгімелеп берді.
Кейіпкеріміз Қыдыр Афиұлы бұл кәсіпті 2000 жылы көршісі соғыс ардагері болған Петр Горобец деген кісіден үйреніпті. Көршісінің бал шаруашылығымен айналысатыны қызықтырған. Бастапқыда бір жәшік алып, оны төртке, алтыға бөліп көруге тәуекел етеді. Одан кейін 100 отбасы ара ұяшығын өсіріп, ақырындап көбейте бастайды. Міне, содан бері осы кәсіпке байланып қалыпты. Одан бөлек Қыдыр ағаның балын Қызылордадан бөлек Астанадан да сұраныстар көбейіп тұр. Қазір бір литр балдың бағасы – 2000 теңге. Ал бір флягы 70-80 мың теңгеге бағаланады.
Карника - жақсы аралар. Оларды басқару оңай және бейбіт, көршілер мен балалар олардың шабуылынан қорықпайды. Мен омарташаны тыныштықпен бір жерден екінші орынға жылжытамын, аралар тез қолайлы өсімдіктерді тауып, кеңістікке жақсы бағытталған. Олар үнемі уларды тазартады, көбелектер мен кенелерді шығарады. Олар балдың балын қорламайды, бұл қыстың азықтық қорында жоғары болуын ескере отырып маңызды. Менің ойымша, жаңадан бастаушылар осы тұқыммен жұмыс істей бастауы керек деді ол.
Бұл кәсіппен шұғылданушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып тұрады. Мәселен, көбісі практиканы меңгергенімен, теория жағынан білетіні аз. Білем деген жастарға ақыл кеңес беріп тұрамын. Араның қыр-сырын білігісі келеген жастарға ақыл кеңесімді беруден еш жалықпаймын. Табыс көбейсін десең, ең бірінші араның тұқымын 3 жыл сайын жаңартып тұру керек. Кәсіби маман осылай дейді. Өзі келесі жылы «Карника» арасына тағы тапсырыс бермек.
Сонымен қатар балдың емдік қасиеттері де өте жоғары. Расында, бал – қуаты жоғары азық. 1 келі бал адамға 3250 кал. қуат береді. Бал адам ағзасын дәрумендермен, ақуызбен, ферменттермен, т.б. тіршілікке қажетті заттармен байытады. Сондай-ақ, балды асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, жүйке ауруларын емдеуге қолданады.
Түйіндер болсақ, омарташының міндеті – тозаңдандыру. Бұл кәсіппен айналысқан адамның бай болатындығына еш күмән жоқ. Сондай-ақ, физикалық қимыл-қозғалыс, табиғат аясында көшіп-қону, бал өнімдерін тұтыну омарташының денсаулығына зор пайдасын тигізіп, қарапайым адамдарға қарағанда ұзақ жасайтындығына кепіл болатындығын ұмытпау қажет.

"Өскен өңір" ақпарат агенттігі

08 желтоқсан 2022 ж. 583 0