ОЮ-ӨРНЕКТІ ОРНЫМЕН ПАЙДАЛАНЫП ЖҮРМІЗ БЕ?
Есіңізде болса, бұрнағы кеңестік республикалардың бірқатарында тәуелсіздік жылдары ұлттық ою-өрнек гротеск, яғни шынайылық сипатына ие болғаны байқалады. Ал соңғы жылдары ұлттық тұтастықты іздеу жолында сәулет өнерінде, мемлекеттік нышан белгілерде, өнеркәсіптік дизайнда этно нақыштарды бей-берекет пайдалану белең алып барады. Егер ежелгі дәуірлерде ою-өрнек киелілік, ғарыштық және философиялық мән-маңызға ие болса, қазір парықсыз пайдаланудың салдарынан татымсыз, талғамсыз көрініп жүргендей.
Иә, ұлттық киім, әшекей, қолөнер бұйымдарын көркемдеуде ою-өрнектердің өз орнымен қолданылмайтыны көңіл көншітпейтіні рас. «Қазақта тек қошқар мүйіз оюы ғана бар» деп ұғатындар оны әр жерге тықпалап әуре. Ақ самайлы әжелердің, ісмер қолды шеберлердің айтуынша қошқар мүйіз – сырмақтың оюы. Оны бас киімге де, аяқ киімге де тықпалай беру қателік.
Иә, ұлттық киім, әшекей, қолөнер бұйымдарын көркемдеуде ою-өрнектердің өз орнымен қолданылмайтыны көңіл көншітпейтіні рас. «Қазақта тек қошқар мүйіз оюы ғана бар» деп ұғатындар оны әр жерге тықпалап әуре. Ақ самайлы әжелердің, ісмер қолды шеберлердің айтуынша қошқар мүйіз – сырмақтың оюы. Оны бас киімге де, аяқ киімге де тықпалай беру қателік.
Ою-өрнектердің де өз тілі, сыры бар. Бағзы заманда ою-өрнек хаттың орнын алмастырған. Қыздар орамалдың шетіне ою салып, сол арқылы ғашығына ойын жеткізген. Ал ұзатылған қыз төркініне ою-өрнек арқылы хал-жағдайын білдіріп отырған. Осыдан-ақ «ою-өрнекке жай нәрсе» деп қарау – әбестік. Көңілге көлеңке түсірер тұсы байырғы дәстүріміздің бір бөлшегі саналатын оюлар өз орнымен қолданылмай, шатысып жүр. Көненің көзіндей болған қазақы нақыштағы ою-өрнектердің ұлттық құндылықтан бөлек философиялық мәнге ие екені белгілі. Әр оюдың өзі магиялық мазмұнға ие. Тіпті бүгінде әрбір ою адамға энергетикалық күш-қуат беретіні дәлелденіп отыр.
Денсаулық оюы – денсаулықты жақсартуға сеп. Сенімділік, беріктік, бекемдік, мықтылық, батылдық, табандылық сынды ізгі қасиеттер дамиды. (суреттерімен беріледі)
Отбасы оюы – отбасылық қарым-қатынасты жақсартып, ынтымақ шақырып, береке-бірлікті күшейтеді. Жарасымдылықты қалпына келтіреді. Психо-эмоционалды жағдайды тұрақтандыру, ұялшақтықтан арылу, жеке өмірдегі мәселелерді шешу.
Жетістік белгісіндегі ою – көздеген мақсат-мұратыңызға жетуге көмектеседі, әрдайым сәттілік серік болуына септеседі. Мақсатқа жету жолында жағымсыз ойлар мен кедергілерден құтылу. Өмірді көркейту үшін өзіне сенім ұялату.
Молшылық белгісіндегі ою – молшылық пен мансап энергияларының белсенділігі күшейтіп, қызметте табысқа жету. Өмірге деген құштарлық пен күш-қайрат айтарлықтай артады. Береке мен молшылық теңгеріледі.
Махаббат белгісіндегі ою – жан тынышталады және өзгеге, айналаңызға сүйіспеншілікпен қарайтын боласыз. Нәзіктіктің, жан рахатының, бақыттың энергиясын сезінесіз. Зарығудан, үрей мен қорқыныштан, мұң мен жабырқаудан арыласыз.
Қорғаныш белгісіндегі ою – әрдайым қорғаныш табасыз. Барлық жағымсыз естеліктер мен бағдарламаларға тосқауыл қояды. Тіл, көз тиюден қорғайды.
Әр ою-өрнек – ғарыш пен адам арасындағы дәнекер. Энергетикалық тасқындарды сезініп, қабылдауға көмек қолын созады. Рухтың оянуына себепкер болады. Рухани даму жолына түсуге көмектеседі. Ою-өрнек әлем сырына үңілуге, сондай-ақ адамның ішкі сезімі мен психикасына қолайлы әсер етуге мүмкіндік береді, – дейді космоэнипсихологтар.
Қарап отырсақ, қазіргі таңда жалған этностық декоративтік стиль тулар мен елтаңбаларда, орындықтар мен қоқыс салатын жәшіктерде де кездесетін болды. Оның себебін КСРО ыдырағаннан кейін республикалар бұрынғы көзді жауыр қылған кеңестік атрибутикадан арылып, тәуелсіздікті танытатын жаңа нышан белгісіне қысқа мерзімде көшу деп түсіндіруге болар.
P.S.: Жасыруға келмес, қазір әлемнің әр түкпірінен келген байлықтың, ақша шақыратын белгі деп болмайтын дүниені бойтұмар деп тұтынып жүргендер бар. Түптеп келгенде олардың діні басқа, ұстанатын ілімі бөлек. Мұны қаперден шығармаған абзал. Оның орнына қазақы ою-өрнек жанымызға жақын емес пе?
Сұлушаш МАДИЯРОВА
Сұлушаш МАДИЯРОВА