ҚОС МАЙДАННЫҢ МАЙТАЛМАНЫ
Әбілқасым Палымбетұлы туралы бір ауыз сөз
Әбілқасым Палымбетұлы аудандық Есептеу орталығында қызмет атқарып жүргенде кеңселеріміз қатар орналасқан ғимаратта болды. Жиі ұшырасып тұратынбыз. Темекі тартатын алаңшамыз бір болатын. Сол азғантай уақыттың өзінде бірер әңгіменің басын қайырып тастайтын. Көргені көп, түйгені мол азамат қой, әңгімені шежірешіше шертетін.
1984 жылы мен қызмет бабымен Алматыға қоныс аудардым. Сыртта жүрген адам ауылды, өскен ортасын сағынатын әдеті емес пе, оқта-текте Шиеліні, оның кейбір көңіліңе жақын адамдарын іздейсің. Бірде Әбекең (Палымбетов) мен Қалекең (Әбдешов) Алматының бір санаториінде демалып жатыр дегенді елден келгендердің бірінен құлағым шалып қалды. Дереу сұрастырсам, Алатаудың оңтүстік баурайында биік басында орналасқан «Алма-Арасан» демалыс орынымен деңгейлес тұрған (атын ұмыттым) санаторий болып шықты. Жексенбі күні қалаға шығуға, таныстарына баруға рұқсат етеді екен. Іздеп барып, үйге алып келіп, қонақ қылдым.

Арнайы шақырып барғаныма қуанып қалды. Кешке дейін қонақ етіп, кешке санаториге апарып салдым.
Әбекең жарықтық қатты көңілденді. Бастан кешкен соғыс оқиғаларын бірінен кейін бірін ағытты. Германия жерін азат етіп жүргенде жау қолына қалай түсіп қала жаздағанын күле отырып жеткізді.
«Жау ұясына кіргесін, еркінси бастадық. Бомба түсіп бұзылған үйлерден немістердің қалып кеткенін іздеп жүргенбіз. Қуыстағы бір бөлмеден әлдеқандай дыбыс естілді. Солай қарай жүре бергенімде, ізімнен келе жатқан егделеу солдат мені өзіне қарай тартып, қапсыра құшақтаған күйі сыртқа беттеді. «Баламысың деген, деді бетіме бажырая қарап. Қайда барасың? Ол қуыста кемі 10-15 фашист отыр автоматын кезеп. Бізді не атып тастайды, не қолға түсіреді» деді құшағынан босатып. Шынында солай болды. Соңымызда бәрін байқап келе жатқан біздің арнайы жасақ әлгі қуыстан оннан аса немісті алдарына салып айдап шықты».
Әбекеңнің жалындаған жастық шағы, жігерлі, арманшыл кезі дүниені дүр сілкіндірген сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келді. Соғыс дауылы соққанда ол небәрі 20 жаста еді. Өрімдей жас төрт жыл бойы от пен оқтың арасында неміс фашистеріне қарсы соғыста бірнеше қаланы азат етуге қатысты. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және Германияны азат етудегі жанкештілігі нәтижесінде «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 1945 жылы ІІ топтағы мүгедек болып елге оралды.
Соғыстан кейінгі жылдар бейбіт кезең деген аты болмаса, соғыстан да бетер ауыр, күйзеліс мезгілі болды. Әбекең бейбіт еңбекке белсене араласа жүріп, аш-жалаңаш елдің әл-ауқатын көтеруге, ауыл шаруашылығын, экономиканы қайтадан қалпына келтіру тұрғысында аянбай еңбек етті. 1949-1963 жылдар аралығында аудан партия, кеңес органдарында нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, аудандық атқару комитетінің жоспарлау бөлімінде аға экономист, кейін ауаткомның жауапты хатшысы болды.
1963-1965 жылдары аудандық тұтынушылар одағы төрағасының кадрлар жөніндегі орынбасары, 1965-1967 жылдары Ленин атындағы колхозда партия комитетінің хатшысы, 1967-1972 жылдары аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында зоотехник, мал бордақылау орталығында бас зоотехник қызметін атқарды. 1972-1988 жылдары аралығында Шиелі жұмысшылар кооперациясының төрағасы, аудандық есептеу орталығы бастығының орынбасары қызметтерін атқарып, соңғы жұмыс орнынан зейнеткерлікке шықты.
Әбілқасым Палымбетов біліктілігі мен адалдығы арқасында қай жұмысты болмасын абыройлы атқарып, халықтың құрметіне бөлене білді. Бейбіт еңбектегі берекелі бейнеті атаусыз қалмады. Республиканың, облыстың, ауданның Құрмет грамоталарын бірнеше мәрте иеленді. Аудандық партия комитетінің мүшесі, аудандық кеңеске бірнеше рет депутат болып сайланған.
Әбекең өмірде өте сыпайы, үлкенге іні, кішіге аға, отбасына мейрімді, дос-жолдастарының арасында сыпайы азамат еді. Зайыбы Нағима Ілиясқызы қарапайым, ізетті, қамқорлығы мол жан болды. Аудандық баспаханада әріптерушіден бастап ұжым директорлығына дейін көтерілді. Үлгілі шаңырақ иелері Әбекең мен Нағима апа 4 ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді. Перзенттерінің бәрі ел таныған, тәуелсіз Отанымызға қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан айтулы азаматтар.
Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстанның Құрметті журналисі», ауданының «Құрметті» азаматы»
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстанның Құрметті журналисі», ауданының «Құрметті» азаматы»