Бос жатқан жерлер игерілуі тиіс
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына арнаған Жолдауында өнім өндіру үшін ең алдымен жердің қажет екенін, жері жоқ адамның бизнеспен айналыса алмайтынын, сол үшін әрбір аймақта бос жатқан және мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажеттігін атап өтті.
Жерді күтіп-баптау, игеру, бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтып алу немесе нағыз жұмыс істейтін шаруаларға беруді Президентіміз бұған дейінгі Жолдауларында да көтерген болатын.
Жерді күтіп-баптау, игеру, бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтып алу немесе нағыз жұмыс істейтін шаруаларға беруді Президентіміз бұған дейінгі Жолдауларында да көтерген болатын.
Бұл бағытта аудандық прокуратурамен облыстық прокуратураның тапсырмасына сәйкес жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, пайдаға аспай жатқан жайылымдық жерлерді анықтау мақсатында жұмысшы топ құрылды.
2021 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмеген көлемі 13 мың гектарды құрайтын 113 жер учаскесі анықталып, 3 мың гектарды құрайтын 16 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды (құны – 6,7 млн теңге).
Бұл қадағалау жұмыстары 2022 жылы да жалғастырылып, қосымша 822 гектар құрайтын 11 игерілмеген жайылымдық жерлер анықталып, енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде заңмен көзделген шаралар қолданылуда.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы аумақтағы бос жерлер туралы ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс екенін, кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдерін айқындауды жыл соңына дейін әзірлеу керектігін айтты.
Қазіргі уақытта барлығына қолжетімді «aisgzk.kz» ақпараттық порталында табысталған жер учаскелері туралы мәліметтерді қарауға мүмкіндік бар. Жергілікті атқарушы органдарға жүгінбестен бұрын, «aisgzk.kz» ақпараттық порталын қарау арқылы бос жерлерді анықтауға болады.
Бұл ретте Жер кодексінің 43-бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі жерден, сондай-ақ 48-бабында белгіленген сауда-саттыққа (аукциондарға) шығарылатын жерден жер учаскесіне құқық беру тәртібі белгіленген.
Нұрбек Қаратаев,
Шиелі ауданының прокуроры
Шиелі ауданының прокуроры