Қасқырдың дәрежесі қандай?
Қасқырлар түркизмнің шынайы символы екені ешкімге де құпия емес. Олардың бейнесі қағандардың туында, алтын мүсіндерінің қылыш жүздерінде кездеседі. Тіпті аспан түріктерінің билеушілері өздерін қасқырдан тарағанбыз деп санаған. Ендеше ертедегі қасқырды қазақтар дәрежесіне қарай қандай түрлерге бөлгенін қарастырайық:
1. Соқыр – көздері әлі ашылмаған 10-15 күндік күшіктер осылай аталған.
1. Соқыр – көздері әлі ашылмаған 10-15 күндік күшіктер осылай аталған.
2. Майтабан – көздері ашық және үнемі жүруге тырысатын 40 күндік күшіктер.
3. Қара құлақ – 6 айға дейінгі күшіктер. Олардың денесі әлі қасқырға тән көк-сұр түске ие болмағандықтан осылай аталған.
4. Бөлтірік – 6 айдан бір жасқа дейінгі күшіктер. Бұл жаста олар үлкендерімен бірге жорыққа шығады. Ал бұл жасқа жетпеген күшіктер апанда қалады.
5. Майтүбіт – бір жасқа толған және одан асқан қасқырлар.
6. Қаражал – 2 жастағы қасқыр. Олар 2 жастан асқанына қарамастан қасқырға тән көк-сұр түске ие болмағандықтан осылай аталады.
7. Көкжал – үш жасар, нағыз көк-сұр түсті қасқыр. Бұл жаста көкжалдарда күш, ақыл және ептілік секілді қасиеттер күшейе түседі.
8. Арлан – 4 жастағы қасқыр. Күш, жылдамдық, ақыл және басқа да ерекше қасиеттер дәл осы жаста пайда болады. Қасқырлар үшін ең қайраты мен күш-жүгері толысқан жас болып саналады. Адамдармен салыстырсақ, онда арландар отыздан қырық жасқа дейінгі еркектерге ұқсас келеді. Дәл осы кезеңде арландар арасынан үйірді бастайтын көшбасшылар шығады. Сондықтан қазақтар көбінесе көшбасшыны «Арлан» деп атайды. Бұл жаста арландар өзіне серік іздейді. Бірақ серігін бірден таба алмайды. Себебі олардың негізгі мақсаты көбірек ұрпақ өрбіту. Осы кезең барысында арландар өзінің өмірлік серігін табады.
9. Атай – көшбасшы арланның келесі даму кезеңі. Атауы айтып тұрғандай, атайлар 5 жастағы құрметті қасқырлар. Олар кәрі емес, бірақ жас деп те саналмайды. Олардың күші әлі де өздерімен бірге. Бұл жаста атайлар көшбасшы ретінде ең тәжірибелі қасқыр саналады. Аумақтарды бөлу, кландар соғысы және аң аулау мәселелерін шешеді.
10. Абадан – атай дәрежесінен өткеннен кейін, яғни 5-6 жастан кейін қасқыр Абадан деп аталады. Бұл барлық қасқырдың патшасы. Бұл кезеңде қасқырлар үлкен және қорқынышты көрінеді. Ол жалғыз өзі аң аулап, басқа кландармен күресуге қауқарлы. Аңшылардың ең қауіпті жауы саналады. Өйткені абадандар өте айлакер, кез келген жарақатты жеңіл еңсереді. Абадан көбінесе жалғыз аң аулайды және қыста қор жинауды әдетке айналдырады. Мұндай қорға бірде-бір қасқыр ауыз салмайды. Оны тек Абаданның өзі немесе оның күшіктер қазып алады. Себебі ол қорды балаларына дайындайды. Абадандар отбасына қатты байланған. Тіпті өзінің серігін патшайым деп санайды. Сондықтан оның серігі үйірдегі екінші басшы саналады. Бірақ дәл осы махаббаты абаданның түбіне жетеді. Дәлірек айтқанда тәжірибелі аңшылар абаданды отбасы арқылы аулайды. Олар орға барып, күшіктерді өлтіріп, содан кейін айлакер Абадан ақыл-есін жоғалтып, аңшылардың оңай олжасына айналады. Егер оның серігі өлсе абадан да өмір сүре алмай, бірге өледі. Осыдан келіп, оның адалдығы жөнінде аңыздар тараған деседі.
Тәржімалаған:
Рамазан Әнәпия
Рамазан Әнәпия