Еңбек еткеннің еңсесі тік
«Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға». Ұлы Абайдың осы бір өлең жолдары біз сөз еткелі отырған кейіпкеріміздің өмірлік ұраны. Өзінің кішіпейілділігі мен қарапайымдылығын қалқан етіп, елге қызмет етудің жолын тапқан Жомарт Ахметовтың ғұмыр өрнегіне көз жүгіртіп көрсек...
Ол 1956 жылы Сунақата ауылында 1 наурыз күні дүниеге келген. Жомарт жастайынан өзінің алғырлығымен, сабырлылығымен ізденімпаздығымен ерекшеленді. Білімге деген құштарлығының арқасында 10 жылдық мектепті жақсы тәмамдап, Алматыға оқуға түседі.
Ол 1956 жылы Сунақата ауылында 1 наурыз күні дүниеге келген. Жомарт жастайынан өзінің алғырлығымен, сабырлылығымен ізденімпаздығымен ерекшеленді. Білімге деген құштарлығының арқасында 10 жылдық мектепті жақсы тәмамдап, Алматыға оқуға түседі.
Ең алғаш еңбек жолын 1973 жылы 6 шілдеде Сунақата савхозында механизаторлықтан бастайды. 1974-1976 жылдары Латвияда әскер қатарында болып, «Ерекше тәуекелді солдаттар» куәлігін алған. 1976-1978 жылдары «Су шаруашылығын механизациялау» бөлімінде оқиды. Оқуын аяқтап келген соң 1984 жылдың маусым айына дейін Жамбыл облысының автомобиль жолдары басқармасында механик қызметін атқарған.
«Отызында орда бұзбаған, қырқында қамал ала алмайды» деген даналық сөз бар. Сол айтылғандай еңбек жолында тәжірибесін байытып, өзінің тиянақтылығы мен жауапкершілігін көрсеткен Ж.Ахметов 1984 жылдан бастап Шиелідегі «Геологиялық барлау экспедициясына» жұмысқа қабылданады. Аталған мекемеде 2019 жылға дейін яғни, 35 жыл абыройлы қызмет етеді. Сонымен қатар Ташкентте инженер-геолог мамандығын да оқып алады. Ізденімпаз маман 1995 жылы Моңғолияда 6 ай іскерлік тәжірибеден өтеді.
Уран зерттеу, алтын өндірісі бойынша жұмыс істеген ол 2019 жылы зейнетке шығады. Айта кету керек, Жомарт Ахметовтың еңбектері ешқашан елеусіз қалмаған-ды. Жуырда ғана «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на 25 жыл мерейтойлық төсбелгісін кеудесіне тақты. Оның бір дәлелі осы.
Бүгінде жарты ғасырға жуық бір ошақтың отын бірге тұтатқан зайыбы Анар Мырзабекова екеуі ұрпақ тәрбиелеу ісімен айналысып отыр. Айта кетейік, жары Анар ханым да сол мекемеде фельдшер болып жұмыс істеген. Қазақта «Ұрпағыңмен мың жаса» деген жақсы сөз бар. Бүгінде оның ұлы Жалын Ахметов те әке жолын жалғап, аталған мекемеде абыройлы қызмет етуде. Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында еңбек адамының мәртебесі мен мерейін өсіруге мейлінше көңіл бөлу керектігін айтқан-ды. Себебі еңбек – бәрін де жеңбек.
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ