ТОМЫРТҚАНЫ СТРОГАНОВҚА БЕРЕ АЛМАЙМЫН
Томыртқа – жаңа сойылған жылқы етінің қыстыгүні сыртқа қойыла салған, сорпасы аздап мұздатылып (немесе таңға дейін) ішілетін қазақ деликатесі. Баяғыда әжеміз келіндеріне «балаға шай бергенде аузы күйіп қалмасын томыртқалап беріңдер» деп отырушы еді. Қазақта суыған сұйық тамақты «сөлме» деп те атаған. Көбіне жорықта, сапарда жүргенде пайдаланған. «Азығым болған сөлмеден, Азабым жоқ көрмеген, Сонда да бірақ өлмегем...» деп келетін Балабек ақынның өлеңі бар.
Әне бір «окрошка» деген күн ыстықта ішетін салқын тамақ бар емес пе? Сұйық тамақ. Көже. Иә, соның қазақша атауын таппай жүрміз ғой. Сөйтсем, өткенде Тыныштықбек ағамның үйіндегі Шағангүл жеңгеміз «Томыртқа» деген сұйық тамақ туралы жазыпты. Ішіне мұз салып суытып береді екен оны, қазекем. Сол окрошкаңды «томыртқа» деп атай салсақ қате бола ма? Ол да, бұл да суытып беретін сұйық тамақ. Әйтпесе, орыстың «Беф-Строганофының» арғы тегі қазақтың балқуырдағы екенін екінің бірі біле бермейді. Ресей патшалығы кезінде, Санкт-Петрбургтің Строганов деген көпесі Зайсан өңіріне барған. Сол жақта саудасын шалқытып жүріп, жергілікті қазақтардан балқуырдақ қуыруды үйренген. Шығыста әлі күнге солай, әсіресе құдаларға арнайы балқуырдақ дайындайды. Рецепті сол баяғыдай: етті жіңішкелеп турап, қаймаққа қуырады. Содан біраз уақыт өткен соң Азия қыдырып кеткен Строганов Санкт-Петрбургке қайтып оралмай ма? Қаланың ақсүйектері жиылып келіп: «Ал алыс Азиядан не алып келдің?» деп қаумалайды. Сонда Строганов оларға қаймақпен балқуырдақ қуырып беріпті. Сөйтіп «Беф-Строганоф», яғни «Строганофша – ет» деген тағам пайда болды. Енді міне, қазақтың балқуырдағын асхана, мейрамханаларда аузымыз қисаймастан «Беф!» деп қойып соғып аламыз. Осы деректі білетін қазақтар мейрамханадағы ас мәзіріне «Балқуырдақ» деп жазып қоюына болады емес пе? Сондықтан томыртқа тағы бір европалық дәмге айналып кетпей тұрғанда «окрошканың» қазақшасы деп алсақ қайтер еді? Келісесіздер ме?

Серік Жанболат