Қазақта шақыру билеті болған ба?
Қазір ғой, тойға, асқа, тіпті тұсаукесерге дейін қонаққа шақыратын болса түрлі билеттер жіберетін болды. Шақыру билеттің де арзан, қымбат, не өте қымбат түрлері бар. Осындай шақыру билетті алған адам қуанып, мәртебесі өсіп қалады. Өйткені бұл біздің қанымызда бар қасиет еді.
Иә, бұрын мәртебелі мейманды шақыруға қазіргідей әшекейленген қағаз емес, оның орнына кәдімгі жілік сүйегін жіберген. Яғни асқа, тойға, өзге де ойын-тойға шақырудың әдет-салтымызда түрлі-түрлі жолдары бар. Соның бірі жілік салып шақыру салты. Мысалы, сүндетке отырғызылатын ағайындарының үйіне жіберген бала жалғыз бармайды, ағаларын ертіп барады. Сәлем беріп, аман-түгенді біліскен соң әлгі бала қоржынынан жамбас, ортан жілік, асықты жілік сияқты кәделі сүйекті бірін шығарып, шақырылғалы тұрған адамына ұстатқан.

Жілік салып шақыру – мейманын құрметтеу мен сыйластықтың өте жоғары, қадірлі әрі биік түрі болған. Мұндай шақырту алған туыстар мен құда-жекжат, нағашылар әлгі баланың сүндет тойына қозы, тай тіпті ат пен атан да атауы мүмкін. Сонымен қатар бірнеше жыл сақталған саба-саба қымызын артып, салтанатпен аттандырған.
Шақырылған адамға берілетін әр сүйектің өз орны бар. Соның ішінде кәрі жілік ең қадірлі, жақсы көретін, тілеуқор адамға берілген. Енді біреулері кәрі жілікті тойға шақырғанда бермеген, тек аста, өзге де ойластық жиындарда берген деседі. Келген сүйекті кереге басына байлап іліп қоятын болған. Шақырылуға жіберілген сүйектердің өз мағыналары болған. Бірақ неге жілік салып шақырғандығы туралы түсініктеме жоқ.
Сәкен Алдашбаевтың
«Салт пен сана» кітабынан үзінді
«Салт пен сана» кітабынан үзінді