Киіктің киесі
Маусым айының соңында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев күз мезгілінде Жайық популяциясына жататын 80 мың бас киікті ату туралы шешім қабылданғанын мәлім еткен болатын. Артынша ел дүрлігіп, «бұлар киіктің киесінен қорықпай ма екен?» деген заңды сауал туындады. Әйтеуір абырой болғанда іске Президенттің өзі араласып, министрге сөгіс жариялады сол тұста.
«Министрге сөгіс жариялаймын. Ақбөкен популяциясының тағдыры төңірегінде түсініксіз әуре-сарсаң және пікірталас бастағаны үшін. Мұның бәрін қоғамдық талқылау деңгейіне жеткізудің не қажеті бар? Шынында да киік қазақ үшін киелі жануар. 80 мың киікті табиғи ландшафттан шығару, яғни қыру туралы ұсыныс жасалып жатыр. Басқа да әдістер бар көрінеді. Сарапшылармен кеңесіңіз, бұл төтенше шаралар. Бұл шараға да жүгінуге тура келетінін жоққа шығармаймын. Бірақ бұл шектен шыққан шара, деп баса айтамын. Біз бұл мәселеге кәсіби тұрғыдан қарауымыз керек», – деді Президент.

Ортақ шешім жоқ, бірнеше нұсқа бар
Тоқаевтың сынынан кейін Серікқали Брекешев шұғыл жиын өткізіп, киіктердің санын реттеу үшін жан-жақты зерттеу жүргізілетіндігін айтты. Атап айтсақ, табиғи жайылымдардың шығымдылығын бағалау, су қоймалары мен ұңғымалардың картасын жасау, жануарларға жасанды суару орындарын қайда жасау керектігін анықтау, киіктердің ресурстарын қалай пайдалануға болатыны туралы ұсыныстар және олардың популяциясы қалай дамитыны туралы сценарийлер әзірлеу секілді бағыттарда зерттеу жұмыстары жүргізілмек. Зоология институты өкілдері де зерттеу жүргізуді құптап отыр. Сондай-ақ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өкілдері мәселені шешудің бір жолы барын айтады. Мәселен, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев киіктің санын реттеу үшін мынадай әдіс ұсынып отыр:

– Мәселені шешудің бір жолы киіктердің бұрынғы миграциялық жолдарын қалпына келтіру. Бұрынғы деректерге қарасақ, киік саны 1,3 млн басқа жетпеген ғой негізі. Біреулер кеңес кезінде 2 млн бастан асқан деген мәліметтерді айтып жүр. Оның бәрі расталмаған деректер. Бұрын нақты қағаздағы сандарға қарайтын болса, киік саны 1 млн басқа жеткен деген мәлімет бар. Сол себепті киіктердің бұрынғы миграция жолдарын зерттеп, сол жерде автобан бар ма, жол бар ма деген мәселені қарау керек. Құзыретті басқа да министрліктерге хат жаздық. Қарастырып, миграция жолдарын ашу мәселесі бар. Жер болғанымен, көп жерде су болмауы мүмкін. Сол себепті мәселені жан-жақты зерттеу керек.
Комитет төрағасының орынбасарының айтуынша бұл бағытта қазір индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірқатар жұмыстар атқарылып жатқан көрінеді. Батыс Қазақстан облысы аймағында көлік магистральдарының құрылысын жобалау кезінде жануарлардың өтуіне арналған экодуктарды салу мәселесі қарастырылуда.
Киіктің киесі Һәм ақбөкенді неге өлтіруге болмайды?
Біздің жерімізді мекен ететін киіктер 14 мың жылдан астам уақыт өмір сүріп келеді деген ақпараттар бар. Яғни Еуразиялық ақбөкендер мамонт пен жүнді мүйізтұмсықтан, жабайы жылқылар өмір сүрген заманнан бері келе жатыр деген сөз. Демек, қазақ халқының ақбөкенді киелі санап, «оны атқан адамның бақытсыздыққа ұшырайды» деп санауында үлкен даналық жатыр.

Ал ақбөкеннің қалай киелі аң атанғаны жөнінде желі белсендісі Мәди Манатбек мынадай жазба жариялаған.
Адам ата жерге түскен соң барлық жан-жануар Хақ тағаланың орынбасарын көруге ынтық болыпты. Сол кезде ең алғаш Адам атаны көрген ақбөкен екен деседі. Ол «Алланың халифасы жерге түсті» дегенді естігенде қазақ даласынан Жидда тауына қарай желіп отырыпты. Ол кезде Адам ата мен Хауа ана Жидда тауының етегінде үй салып, тіршілік кешіп жатыр екен.
Ақбөкен ұзақ жол жүріп, шаршап-шалдығып, Адам атаның тұрағына жеткенде құлап түседі. Адам оны көтеріп алып, үйіне алып келеді де, оған інжірдің жапырағын беріп асырайды. Адам ата мейірленіп оның тұмсығынан сипағанды жақсы көреді екен. Пайғамбардың қолы тигендіктен, ақбөкеннің тұмсығы өзге аңдардан ерекше сұлу болып бітіпті. Арқасынан сипағанда, денесінен хош иіс шығыпты. Аяғынан сипағанда, тұяғы қасиетті болып, мың бір ауруға ем болыпты. Қуса жеткізбейтін жүйрік жануарға айналыпты. Көзінен өпкенде жанарына көрік бітіп, сұлу жануарға айналып шыға келіпті. Мүйізінен ұстағанда, оған да шипалық қасиет дарыған екен. Пайғамбардың алақаны беліне тигенде, буаз кезінде іштегі елігінің жынысын қалауына қарай өзгерте алатын болыпты.
Ақбөкеннің арнайы келісіне риза болған Адам ата:
– Жануарым, мен саған ризамын. Бұйымтайың болса айт. Мейірімді Алладан дұға етіп, бір мұқтаждығыңды өтейін, – дейді. Сонда ақбөкен:
– Төлдегенде құралайым шыбын-шіркейге жем болады. Одан қалса, қасқыр шабады. Даланың шөбі төлдерге ауырлық етіп, қоң жинай алмайды. Осы қиындықтан құтқарсаң, – депті.
Адам ата Тәңірісіне ақбөкеннің арызын жеткізіп, қиындықтан құтқарыпты. Содан бастап Құдайдың әмірімен киіктер төлдейтін кезде Бетпақдалада шыбын-шіркейді шығартпайтын суық болады екен. Мұны қазақта «құралайдың салқыны» деп атайды. Ұлық Алла сол уақытта қасқырдың киікке деген тәбетін тыяды. Құралайлар көшке ілескенше қасқырлар оларға жақындай алмайды. Жас киікке арнап даладан түйетабан деген шөп шығарады. Ол тек ақбөкен төлдейтін кезде көгеріп, көктеп, лақтарға азық болады екен.
Ақбөкен Тәңірдің халифасын көріп, қолынан жем жеп, мақсаты орындалған соң Бетпақдалаға қайтпақшы болады. Сол кезде Адам ата оған:
Сахараға сән болып,
Құт пен кие, мән қонып,
Өсіп-өнсін нәсілің,
Бір құдайым жар болып,
Аллам өзі қолдасын,
Бар бәледен қорғасын.
Саған зауал келтірген
Ешқашан да оңбасын.
Сайын түзден тап мекен,
Басқа орнасын бақ бекем.
Қу медиен түздерге
Ырыс дарыт, ақбөкен, – деп батасын береді. Содан бастап киікке кие бітіп, қасиетті аң саналыпты. Оны нақақ өлтіргендер Адам атаның қарғысына ұшырайды деген түсінік бар.
Рамазан БЕКТҰРҒАНҰЛЫ