Ана мен бала жайы жіті назарда
Расында, мемлекет көпбалалы отбасыларды қолдауда аз жұмыс атқарып жатқан жоқ. Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен орта есеппен 498,5 мың отбасы қамтылды. Оның ішінде мамыр айында 509,1 мың отбасына 28,3 млрд теңге жәрдемақы төленген.
Көпбалалы отбасылар үшін жәрдемақы 2020 жылдың басынан бастап төленеді. Төлемді төрт және одан да көп бала туған әйелдер ала алады. Қазіргі уақытта бұл жәрдемақыны 500 мыңға жуық қазақстандық отбасы алып жатыр. Оның ішінде 63 437 әйел «Алтын алқа», 138 571 әйел «Күміс алқа» иегері.Барыс жылынан бастап көпбалалы отбасыларға тағайындалатын жәрдемақы мөлшеріне зер салыңыз. «Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі. Көпбалалы отбасыларындағы 4 балаға – 50 975 теңге, 5 балаға – 63 727 теңге, 6 балаға – 76 479 теңге, 7 балаға – 89 231 теңге, 8 балаға – 101 760 теңге, 9 балаға – 114 480 теңге, 10 балаға – 127 200 теңге, 11 балаға – 139 920 теңге, 12 балаға – 152 640 теңге, 13 балаға – 165 360 теңге, 14 балаға – 178 080 теңге, 15 балаға – 190 800 теңге, 16 балаға – 203 520 теңге немесе әр балаға 12 525 теңге төленеді» делінген ведомство хабарламасында.

Жақсы жаңалық, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы әлеуметтік салада проактивті қызметтерді белсенді түрде енгізуді жалғастырып келеді. Осы форматтың арқасында клиенттер енді Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, SMS арқылы бірнеше жәрдемақыны рәсімдей алады.
Әлеуметтік саладағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі – бала туу және оның күтімі бойынша төленетін жәрдемақыларды рәсімдеу. Бала өмірге келгеннен кейін оның анасына жәрдемақы бойынша өтініш беру үшін SMS хабарлама келеді. Бұл хабарламаға оң жауап беріп, жәрдемақы төленетін банктің шот нөмірін көрсету керек. Ары қарай бала туу және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақылар проактивті түрде рәсімделетін болады. Еске сала кеткен жөн, осы қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу керек.
Осылайша, 2022 жылдың кейінгі бес айында бала туу және бала күтімі бойынша 152 298 мың жәрдемақы белсенді түрде рәсімделді. Бұл көрсеткіш 2021 жылдағы кезеңмен салыстырғанда 2,2 есе көп.
Жыл бұрынғы зерттеулерге сенсек, еліміздегі әрбір алтыншы бала кедей отбасында тұрады. Кедейлер санатына жататын отбасылардың 90 проценті көп балалы отбасылар.
Лайым, балалар саны көбейе берсін.Себебі әр бала өз несібесімен келеді деген бар. Сол үшін несібеміз ұлғая бергей!
Сұлушаш МАДИЯРОВА