Сәби массажбен сауықсын
Сәбидің ағзасы дұрыс өсіп-жетілуі үшін массаждың алатын орны ерекше. Жалпы мамандар сәбилерге 2-3 айлығынан бастап массаж алуға кеңес береді. Бүгінде емханаға бара қалсаңыз, баласын құшақтап жүрген аналарды жиі байқайсыз. Оның көбісі жаңа туған нәресте.
Иә, ауырмай бала өспейді. Қазір аурудың өзі жасарып бара жатқандай. Себебі жаңа туған нәрестеге түрлі диагноз қоя береді. Біріне – гипосия, енді біріне – рахит, қала берді дисплазия сынды ауру түрлерін айтады. Балалар арасында аты аталған аурулардың жиі кездесуі экологиядан, ананың жүктілік кезінде дұрыс тамақтанбауынан немесе күтінбеуінен дейді мамандар. Осы орайда дәрігерлер баланы массажға апаруға кеңес береді. Неге десеңіз, жаңа туған нәрестенің 1 жасқа дейін қалыптасуы өте маңызды процесс. Сол себепті әрбір жаңа туған сәбиге сауықтыру жаттығуларын істеп, аурудың алдын дер кезінде алуға мүмкіндік бар.

– Балам 1 айдан асқан. Дәрігерлер дисплазия деп диагноз қойып отыр. Оның емі – масссаж. Массажға ерте апарсаңдар алдын аласыңдар дейді. Бала – болашағымыз. Сондықтан біз ата-анасы ретінде қажет деген дүниелерді жасатуға тиіспіз. Бұйырса, массажды алып бастадық. Бәрі сәтімен болғай деп отырмыз, – дейді жас ана.
Жасыратыны жоқ, бүгінде не көп, массаж орталықтары көп. Ішінде арнайы курс оқып, сертификат алып нәпақасын тауып отқандар да бар. Олардың қайсысы кәсіби жасап жатқанын біліп болмайсың.
Массаж қабылдап жатқан баланың жылауы қалыпты жағдай ма? Осы бір сұрақ көптің көкейінде жүргені рас. Бұл сұраққа арнайы маман төмендегідей жауап қатты.
– Сәбиге массаж жасалғанда алғашқы 3 күн жылауы қалыпты. Бұл яғни массажға бейімделу (адаптация) кезеңі. Ал содан соң бала өзіде массажға үйреніп жылауды қояды. Кейбір сәбилер жатырқап көнбейді. Ол кезде алдандырып, көңілін аударып отырып массаж жасалады. Гимнастика деп баланы аяғынан көтеріп, жұлқып айналдырып жасалып жатқан массаждарды да көруге болады. Ол дұрыс емес. Тіпті, ата-аналары баланы аспанға лақтырып, қағып алып ойнатуы да қате. Себебі баланың бас сүйегіне зақым келуі мүмкін. Еңбегі қатпаған баланың миы шайқалады. Жалпы айтқанда бас сүйегі қатпаған баланы жұлқылай беруге болмайды, – дейді «Дем» массаж орталығының кәсіби методикалы массажисі Ақерке Сайлаубекқызы.
Рас, қазір экологияның әсерінен балалар аурушаң. Нәрестелердің дені яғни 70-80 проценті дисплазия немесе гидроцефалия дертімен бірге туылуда. Ал бұл аурулардың бірден-бір емі – массаж. Бұл үшін тек сауатты әрі тыңғылықты жасалатын массаж ғана көмектесе алады. Балалар массажы бұл жаңа туған 1 жасқа дейінгі сәбиге де, жалпы балалар үшін өте қажет. Жағымды көңіл-күй, тыныштандыру мен балаларда жиі кездесетін іш кебуді басатын массаждар бөбегіңізге қуаныш сыйлайды. Баланы жайлап сылап-сыйпау психологиялық тұрғыдан тыныштандыра отырып, белсенділігін де арттыра түседі.Адамдар массаж алсақ барлық аурудан құтыламыз деп ойлайды. Шын мәнінде массаж ауруды жеңілдетіп, сауығып кетуіне күш береді. Ал қалған 80 проценті адамның өзіне байланысты. Сондықтан балаңыздың да, өзіңіздің де денсаулығыңызды күткеніңіз абзалырақ.
Сұлушаш МАДИЯРОВА