Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум болашақтың тірегі!

Референдум болашақтың тірегі!

Бүгін халық өз тағдырын өзі шешетіндей болуы үшін, мемлекеттің ісін барлық өлшем бойынша халықтың өзі айқындайтын жағдай жасау үшін референдум өтіп жатыр. 1995 жылдан бері, яғни 27 жыл бойы референдум өткізілген емес. Осы жылдардың ішінде референдум шақыратындай да жағдайлар болды. Төрт рет конституция өзгерді, бірақ барлығы парламент арқылы шешіліп келген еді. Енді үлкен өзгерістер болуына байланысты бүгінгі референдум арқылы конституцияның 33 бабына яғни үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізілмекші.
Әсіресе, ең қағидатты мәселелер жер, оның қойнауы, оның қазыналары халықтың меншігі деген концептуалды тың тұжырым жасалып отыр. Басқа да үлкен-үлкен мәселелермен қатар көптеген өзгеріс бар.
Сондықтан еліміздің болашағының дамуы тікелей осы референдумға байланысты екенін сезінген дауыс берушілердің ауданымыздағы сайлау учаскелерінде қарасы мол. Бұны Отанымыздың баянды болашағы, бақытты өмірі үшін бір кісідей дауыс беруде-деп түсінемін!

Қасымов Қалмырза Айдарұлы Шиелі ауданының құрметті азаматы, аудандық мәслихат депутаты, "Шиелі жарығы" ЖШС директоры
05 маусым 2022 ж. 567 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930