«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын беру туралы Жарлыққа қол қойылды

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын беру туралы 2022 жылғы 21 мамыр ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілсін:
Абаханов Есқайыр Жәрдемұлы – «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі, Алматы қаласы
Айтқожанова Райхан – «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессоры, Алматы қаласы
Әбілмәжінова Бейбітгүл Мағжанқызы – «С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана» КММ директоры, Солтүстік Қазақстан облысы
Әділов Қайратбек Нұрышұлы – «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының артисі, Алматы қаласы
Әлімбеков Жүніс Нұрғазыұлы – «А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры» КМҚК артисі
Байбосынов Нұржан Тілеубекұлы – «Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры» РМҚК симфониялық оркестрінің дирижері, Алматы қаласы
Бақтыгереев Бейбіт Салауатұлы – «Ақмола облыстық орыс драма театры» МКҚК директоры
Балағұмаров Дастан Қайроллаұлы – «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ аға оқытушысы, Нұр-Сұлтан қаласы
Бапанов Әлібай Қалтайұлы – «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессоры, Алматы қаласы
Боқыбаев Нұрбақыт Әбдіғалиұлы – «Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры» РМҚК директоры, Алматы қаласы
Борецкий Олег Михайлович – «Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті» КеАҚ доценті, Алматы қаласы
Варисов Нуралим Мамутович – «Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры» РМҚК «Нава» халық фольклорлық ансамблінің әншісі, Алматы қаласы
Галсанов Александр Валерьевич – «Ертіс концерт» КМҚК симфониялық оркестрінің бас дирижері, Шығыс Қазақстан облысы
Ганн Лидия Давыдовна – «Республикалық неміс драма театры» РМҚК бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы
Ғаббасова Гүлмира Надымқызы – «Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ доценті, Алматы қаласы
Дараев Махмут Марипович – «Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры» РМҚК артисі, Алматы қаласы
Ермекбаев Әли Ақбергенұлы – «Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы» МКҚК камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі
Жармұхамбетова Мәдина Қайырбекқызы – «И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы» МҚКК камералық хорының хормейстері
Исенов Тасмұхан Жақсығалиұлы – «А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп- интернаты» РММ бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы
Кәрімов Негметолла Харрасұлы – «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ профессоры, Нұр-Сұлтан қаласы
Көбжанова Светлана Жұмасұлтанқызы – «Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» РМҚК директорының орынбасары, Алматы қаласы
Қапалбеков Нағашыбек – «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» РМҚК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы
Қойлышов Серікқұл Құрманқұлұлы – «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің артисі, Алматы қаласы
Махан Құрманбай Жарқынбайұлы – «Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК бөлім басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы
Мұқанов Асқар Төлеуғалиұлы – «Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің артисі, Нұр-Сұлтан қаласы
Мұқажанова Күлжазира Жұмаділқызы – «Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» РМҚК бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы
Мырзахан Әлімхан Мырзаханұлы – «І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры» КМҚК басшысы
Нұрхалық Серік Сақбайұлы – «Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры» МКҚК артисі
Өтебаева Майса Омарбекқызы – «Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі» РМҚК оқытушысы, Алматы қаласы
Өтуленова Мапруза Қадешқызы – «Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония» КМҚК әншісі, Шығыс Қазақстан облысы
Передеро Татьяна Владимировна – «Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі» КМҚК Е.Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрінің концертмейстері
Сабырғалиева Санжан Төлеуқызы – «Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі» РМҚК артисі, Алматы қаласы
Сон Лаврентий Дядюнович – «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қоюшы-режиссері, Алматы қаласы
Сраилов Бахыт Бекмырзаұлы – «Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры» МКҚК директоры, Түркістан облысы
Сыздықов Дүйсенхан Ереханұлы – «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК бөлім басшысы, Алматы қаласы
Сырлыбаев Серік Омарұлы – «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ профессоры, Нұр-Сұлтан қаласы
Тазабеков Орынбасар Қалықбайұлы – «DOS Film Production» ЖШС директоры, Алматы қаласы
Танабаева Сара Есқайырқызы – еңбек ардагері, Батыс Қазақстан облысы Тастанбеков Ержан Отанұлы – композитор, Алматы қаласы
Текеев Сатыбалды Көшкімбайұлы – «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ кинорежиссері, Алматы қаласы
Темербаева Ғалия Амерқамзақызы – «Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры» МКҚК артисі
Түктібаев Сейітқасым Шерімұлы – «К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» МКҚК директоры
Уважанов Қанат Стальұлы – «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК Қазақстан Республикасының мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің бас әкімшісі, Алматы қаласы
Үмбеталиева Долорес Александровна – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ балет труппасының жетекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы
Хлащева Ольга Дмитриевна – «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бөлім басшысы, Алматы қаласы
Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы – «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК директоры, Шығыс Қазақстан облысы
Шекеров Бекболат Базарбайұлы – «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бас редакторы, Алматы қаласы
Шоманұлы Әбілқасым – киноактер, Алматы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 21 мамыр № 899
https://syrboyi.kz