Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫР ЕЛІНДЕ ЖАҢА ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

СЫР ЕЛІНДЕ ЖАҢА ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

«Верный Капитал» тобы жүзеге асырып жатқан жобаның құны шамамен 25 миллион АҚШ долларын құрайды. Оның іске асырылуына Болат Өтемұратов қоры мұрындық болмақ.
«Құрылыс аяқталғаннан кейін нысан қаланың коммуналдық меншігіне тегін беріледі» дейді қор өкілдері. Ал ­«Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспановтың айтуынша құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың ақпанында бастау жоспарлануда, ал жаңа терминал 2024 жылдың қыркүйегінде алғашқы жолаушыларды қабылдай алады.
– Верный Капиталдың әлеуметтік маңызы бар нысандар мен қоғамдық орындарды жобалау мен салуда үлкен тәжірибесі бар. Жаңа әуежай терминалы үздік халықаралық тәжірибеге сай болады және бүкіл өңірдің дамуына серпін береді, – деді Е.Оспанов.
Шыныдан жасалған витражды қасбеттері бар екі қабатты терминалдың жалпы ауданы 7 500 шаршы метрді құрайды. Халықаралық және ішкі ұшу аймақтары сәйкесінше 130 және 160 қонақты қабылдай алады. Терминалда телескопиялық өтпе жол, эскалаторлар мен лифттер, жүктерді тапсыру мен өңдеудің автоматтандырылған жүйесі, транзиттік жолаушыларға арналған зал, CIP залы қарастырылған. Жаңа ғимаратта өзін-өзі тіркеу пункттері, намазханалар, Duty Free аймағы, сондай-ақ шекара және кеден қызметтері, фитосанитарлық және ветеринария, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері мен желілік полиция бөлімшелері үшін мамандандырылған орындар ашылады. Құрылыста халықаралық брендтердің жабдықтары, технологиялары және жобалық материалдары пайдаланылады.

Рамазан ӘНӘПИЯ
16 мамыр 2022 ж. 547 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930