Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасиетті айдың 7 кереметі

Қасиетті айдың 7 кереметі

1. Мұсылман күнтүзбесі негізінен 12 айдан тұрады. Ал соның 9-шы айы мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі – Рамазан айына тура келеді. Дәл осы айды Мұхаммед пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең алғаш рет Құран аяттары түсе бастағандықтан, Рамазанда Құран оқуға ерекше маңыз беріледі.

2. Әлемде шамамен 1.6 миллиард мұсылман бар.
Бірақ олар күннің шығуы мен бату ерекшелігіне қарай әртүрлі уақытта ораза ұстайды. Мәселен, әлемнің бір шетіндегі мұсылман 12 сағат ораза ұстаса, енді бірі 20 сағатқа дейін ауыз бекітуі мүмкін. Бұл сөзімізге Австралия мен Швеция, Исландия мұсылмандары дәлел болады. Австралия мұсылмандары әлемдегі ең қысқа ораза ұстаушы, яғни олардың бұл құлшылықтары бар болғаны 9 сағатқа созылса, Швеция мен Исландия мұсылмандарының сынағы тіптен қиын. Аталған 2 елде күннің шығуы мен бату уақыты 20 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

3. Ораза араб тілінде «саум» деп аталады.
Саум сөзінің тілдік мағынасы барлық нәрседен тыйылу деген ұғымды берсе, шариғаттағы мағынасы – таң атқаннан күн батқанға дейін ораза ниетімен ішіп-жеуден және төсек қатынасынан тыйылу дегенді білдіреді. Тағы бір ерекшелігі ораза мұсылмандарды өзге дін өкілдерінен ерекшелейтін құлшылық болып табылады. Құран аяттарының бірінде ораза ұстаудың парыз екендігі былай жеткізілген: «Әй, мүміндер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза парыз қылынды. Бәлкім, жамандықтан арылып, тақуалыққа жетерсіңдер» (Құран 2: 183). Сондай-ақ, мұсылман ғұламалары Мұхаммед Пайғамбар (с. Ғ. с.) Мединаға қоныс аударғаннан кейін ғана Рамазан ­айында ораза ұстау міндетті болды деп санайды. Яғни хижраның 2-ші жылы Бәдір шайқасынан кейін ораза міндеттелген болуы мүмкін. Бір деректерде оған дейін пайғамбар мен оның соңына ерген мұсылмандар Мұхаррам айында ораза ұстады делінсе, енді бір деректерде ораза ай сайын 2 күн ұсталды деп айтылады.

4. Рамазан – араб тілінен аударғанда түбірі «рамада» – «өте ыстық», «күйдіруші» деген мағыналарды білдіреді.
Бір дереккөздерде оның бұлай аталуы адамның ораза кезіндегі ішкі жан-дүниесін сыйпаттайды деп көрсетілген.

5. Рамазан айының келуі жаңа айдың тууымен анықталады. Шамамен 33 жылда Рамазанның толықтай бір кезеңі аяқталса, 3 жыл сайын ол бір айға кейін шегінеді. Әрі ол жыл сайын 10-11 күнге жылжып отырады.

6. 2016 жылға тура келген ораза ең қиын, әрі ең ұзақ ораза саналады.
Себебі бұл жылғы оразаның ішіне 22 маусымға (жыл ішіндегі ең ұзақ күн) дейінгі екі апта мен 22 маусымнан кейінгі 2 апта кіреді. Ал 2017 жылдан бастап шамамен 16-17 жыл көлемінде оразының ұзақтығы біртіндеп азая бермек.
7. Ғалымдардың айтуынша ораза әлем елдерінің экономикасының дамуына да әсер етеді. Олардың айтуынша егер оразаның ұзақтығы 1 сағатқа қысқарса, онда сол елде 0,6-0,9 процент шамасында экономикалық өсім байқалады екен. Ал керсінше ұзаратын болса, экономикалық өсім баяулайтын көрінеді.

Рамазан ӘНӘПИЯ
04 сәуір 2022 ж. 636 0