Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА КОДЕКС- ЖАҢА ҚАДАМ

ЖАҢА КОДЕКС- ЖАҢА ҚАДАМ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылдың қаңтар айында Парламент Мәжілісінің отырысында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жиында сөйлеген сөзінде мемлекеттік аппараттың жұмысына жаңаша көзқарас қажет екенін және мемлекеттік қызмет жүйесі іс жүзінде сервистік және тұтынушыға қолайлы болуы үшін түбегейлі өзгерісті талап ететінін атап өткен болатын.
Осыорайда, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі және қызметтік әдеп мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы
22 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.
Жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.
Ал, қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барынша адал ниетімен және тиімді түрде орындайды деп есептейді.
Осыған орай, халықтың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін нығайту мақсатында әр мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген жауапкершілікті абыроймен жүзеге асыруы керек.
Осы негізде жаңа редакцияда Кодекстің құрылымы өзгертіліп, «Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары» деп аталатын жаңа тарау енгізілген.Кодекс - халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Сондай-ақ, бұрынғы Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілерген қойылатын моральдық –адамгершілік талаптар мен олардың мінез құлқының негізгі қағидаттары бірге қаралса, жаңа редакцияда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары жеке қарастырылған.
Әдеп стандарттарындағы қарапайым болу, моральдық-әдептілік нормаларды сақтау, заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу сынды талаптар бұрынғы кодексте де қойылған.
Оған қоса, мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау талабымен толықтырылған.
Яғни, мемлекеттік қызметші азаматтармен қарым-қатынас кезінде қандай да бір шараны атқаруда орындау бойынша кез-келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәде беріп, орындалмауы қоғам тарапынан мемлекеттік қызметке деген сеніміннің төмендеуіне әкеледі.
Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының Заңдары мен Әдеп кодексінің талаптарын бұлжытпай орындауды, қызметтік тәртіпті қатаң сақтауды, әлеуметтік медиаларда аккаунттарды қолдану барысында қоғам тарапынан айтылатын сынға негіз болмауды, қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдік-әдептілік нормаларды ұстануға, барынша қарапайым болуға, қызмет барысында қоғаммен байланыс жасауда кішіпейілдік танытып, жауапкершілікпен қарауға шақырамын.

Аппарат басшысы,
Шиелі ауданы әкімдігіне қарасты
жергілікті атқарушы органдар бойынша
Әдеп жөніндегі уәкіл  Ғ. Күлбаев
01 сәуір 2022 ж. 609 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930