АНАМНЫҢ ТІЛІ...
Мен студент болған 1950-ші жылдардың аяғы мен 1960 жылдардың бас кезінде қазақ қыздары өте әдепті болатын, бірақ заманның ыңғайына қарай тым тұйық еді. Қоғамдық өмірге белсене араласпайтын. Олардың ибасы, әдебі, тәртібі – оның бәрі жақсы; бұл үй ішіндік жағдайдан, от басы-ошақ қасынан көп аса бермейтін. Әрине, о кезде де қазақтың ғалым қыздары болды. Мемлекеттік қайраткер дәрежесіне жеткен қыздар болды. Бірақ о тұста қазақ қыздарының мұндай белсенділігі жаппай сипат алған жоқ. Бүгінде, қарап отырсақ, бизнес саласында қаншама қыздар жүр. Министр, депутат болып отырған қарындастарымыз бар. Кейінде қазақтың ұлдарынан гөрі қыздары көбірек оқитыны байқалады. Бұлар компьютерді игеруде де айтарлықтай алға озып кетті – кез келген банкке немесе мекемеге барсаңыз, алдыңыздан қазақтың қызы шығады.
Одан соң қазақ қызы бұрынғыдан гөрі айрықша ашыла түскен, еркін, еліміздің сонау әдебін, ибасын, тәрбиесін сақтай отырып, мына бүгінгі еуропалық халықтардың, Батыстағы әйел затының жақсы қасиеттерін керемет игерді. Әрине, олардың нашар әдеттерінен де айналып өте алмадық. Кейінгі кездердегі толып жатқан киноның кері ықпалы бар, өзге де жағымсыз көріністер салқынын тигізбей қоймады. Оның бәрін айтып, қазатын болсақ, көңіліміз кірленеді; әйткенмен, соншалықты бір сұмдық дәрежедегі жаманшылыққа қазақ қызы әлі ұрына қойған жоқ деп санаймын. Және олардың алдағы уақыттағы болашағы өте зор болатынына сенемін. Ол үшін қыздарымыз ежелгі ұлттық дәстүрді заманның жақсы үрдістерімен сәтті үйлестіре білуге тиісті.
Одан соң қазақ қызы бұрынғыдан гөрі айрықша ашыла түскен, еркін, еліміздің сонау әдебін, ибасын, тәрбиесін сақтай отырып, мына бүгінгі еуропалық халықтардың, Батыстағы әйел затының жақсы қасиеттерін керемет игерді. Әрине, олардың нашар әдеттерінен де айналып өте алмадық. Кейінгі кездердегі толып жатқан киноның кері ықпалы бар, өзге де жағымсыз көріністер салқынын тигізбей қоймады. Оның бәрін айтып, қазатын болсақ, көңіліміз кірленеді; әйткенмен, соншалықты бір сұмдық дәрежедегі жаманшылыққа қазақ қызы әлі ұрына қойған жоқ деп санаймын. Және олардың алдағы уақыттағы болашағы өте зор болатынына сенемін. Ол үшін қыздарымыз ежелгі ұлттық дәстүрді заманның жақсы үрдістерімен сәтті үйлестіре білуге тиісті.
Бұл жазушы Мұхтар Мағауиннің әңгімелерінен алынған шағын үзінді. Иә, өткенге көз тастап қарайтын болсақ, атақты жазушылардың барлығы әйел тақырыбында қалам тербеген. Олардың сұлу бейнесіне ғашық болып, нәзік жаратылыс иелеріне арнап түрлі әңгімелер мен жыр шумақтарын арнаған. Бір сөзбен болмысы бөлек әйел затын керемет суреттеп, сол өлең жолдары арқылы олардың, әдебі мен иманын, бар болмысын аша білген. Қай жазушының болмасын әйелге арналған әңгімелерін оқып қарасаңыз, олардың қоғамдық өмірге белсене араласпағандығын, бейпіл сөздерді айтпағандығын аңғарасыз. Ал қазір ше? Қазіргі заманда да әдебі мен иманы ұштасып, инабаты мен ибалығы жарасқан нәзік жандылар жоқ емес. Ұяда тәрбие көріп, ұлт анасына айналып отырған әйелдер де жетерлік. Сонымен қатар олар отбасылық өмірді де қызметті де қатар алып жүр. Бүгінде үйде отырып, бала тәрбиесімен айналысып жатқан әйелдерді сирек кездестіресің. Жазушылар жырға қосып, көптің көзіне түсе бермейтін ұяң әйелдер аз қазір. Керісінше, нәзік жандылардың дені ер азаматтармен тең дәрежеде жұмыс істеп, қоғамдық ортада белсенділік танытып жүр. Бұл әрине жақсы. Десек те, мына заманда еркек пен әйелді шатастырып алып жатқан жоқпыз ба деген ой көкейде қылаң ете қалады. Мәселе әйелдің белсенділігінде емес. Мәселе сондай әйелдердің бүгінгі қоғамға не беріп, не үйретіп жатқандығында.
Әйел – ұлттың айнасы, ал ана тілі – еліміздің ертеңгі мәртебесі. Өзге мемлекеттерде «ана тілі» деген қасиетті ұғым жоқ. «Дара тіл, дана тіл, өз тілім» деген өздігінше баламалар бар шығар. Бірақ, «ана тілі» деген құдіретті үш әріп тек қазақ деген қасиетті халыққа тиесілі. Ертеден әден-ғұрыпын, салт-тәстүрін жоғалтпай келе жатқан дана халқымыз дінімізді, қасиетті ана тілімізді ерекше құрметтеген. Бойтұмардай атадан балаға мұра секілді сақтаған. Кір шалдырмаған. Неліктен ана тілі деп атаған? Себебі, ұлттың тәрбиесіне жауапты – ана. Оның қадір қасиетіне тереңінен үңілер болсақ, біз барлығымсыз ана сүтінен қуат алып, бойымызға бар тәрбиені жинап өсеміз. Ананың ақ уызынан нәр алып, тіліміз былдырлап сөйлей бастаймыз. Әйел затынан қуат аламыз. Сондықтан қазақ қоғамында әйелдің орны ерекше. Бұрындары бесік тербетіп, бір отасының түтінін түтетіп жүрген әйел заты бейәдеп сөздерді мүлде айтпайтын. Ал қазір сол әдемілігімізді, сол ар-намысымызды жоғалып алып жатқан жоқпыз ба?
Ана дейміз. Шыр етіп дүние есігін ашқан сәтте ең әуелі анамен қауышамыз. Ананың үнін, тілін түсінеміз. Ананың үйреткен әріпін танып, әдебін бойға сіңіреміз. Кешегі Ұмай, Домалақ аналардың ізі, Зере мен Айғаным сынды әжелердің сарқытын сақтап жүрміз бе? Әсерлі ертегі, әдемі сөз үйретудің орына былапыт сөз айтып, аналар анайы әрекетке әуестеніп кетпеді ме? Көгілдір экранда аналардың дау-дамайын боқауыз сөзін естіп, көріп жүрген ұрпақтан Абай Шоқандардай ойлы адам шығар ма екен? Кейінгі ұрпаақ анам айтқан ақыл, әжем айтқан ертегі, анамның тілі ұлы адамға айналдырды деп айта алады ма? Әрине, ақ жаулықты ақылды аналар жоқ емес. Бірақ, «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші белсенді әйел боламын деп бесіктегі тәрбиені жіберіп алмайықшы...
Сымбат Сұлтан