Көкейде жүрген ой еді
Туған жерден шалғай жүрсек те елде болып жатқан тыныс тіршіліктен сүйікті газетіміз «Өскен өңір» ақылы хабардар болып отырамыз. Елден жақсы хабар алсақ қуанып шаттанамыз, әтегенайы болса кәдімгідей жүрекке салмақ түсіреді. “«Өскен өңір» газетінің өткен 18 қаңтар күні № 5 санында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаилдың «Айтқыштар не дейді» деген мақаласы көңілден шықты.
Әсіресе осы мақаланың ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркеннің аузынан шыққаны көңілге қонымды. Ауданда осы атқа «құрметті азамат болсаң қайтейін» дейтіндей дәрежеде беделін түсірмейтін шара қабылдау керек. Соңғы жылдарда атақ алу атан жарысқа айналып кетіп жатқанын көріп отырған елдің үлкендері тарапынан: – Ей, балалар! Қайда кетіп бара жатсыңдар? Мына кеудемізге мақтанышпен медаль тағып жүрген атақтың абыройын кетірдіңдер ғой – деп көп әңгіме айтылғаннан кейін Өркеннің баспасөзде мәселе етіп көтергені өте орынды. Тұлпардың тұяғынан сипағандай қылып, Әзекеңнің мәнерімен, сыпайлығымен әдемі жазыпты, оқып сүйсіндік. Соңғы жылдары расында мақалада жазылғандай жыл сайын 20-25 адамға дейін «Құрметті азамат» атану үрдіске айналды. «Құрметті азамат» атағын берудің өзіндік ережесін аудандық мәслихаттың сессиясында қолдап, бекіту керек сияқты. Облыс өзі бекіткен ережесіне сай жылына 3-ақ адамға береді. Ал, қала, аудандарда ондай ереже болмағандықтан атақ беру ат жарысқа айналып бара жатқандай. Мен осы атақты берген кезде үш адамның ғана толғанысын, қалай қабылдағанының куәсі болдым. Нұртөре Жүсіпке «Ақ жол» партиясы атынан депутаттыққа түсіп, өте алмағаннан кейін күзде Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» берілгенде сахнада тұрып:

– Елім, халқым мен сендермен біргемін. Мен сайлауда жеңдім. Менің жағымда халқым болды. Мен шалғайда жүрсемде жүрегімдегі туған жеріме, еліме-деген сүйіспеншілігімді бағалап, Шиелі ауданы халқының ең жоғары атағын бергелі жатқандарыңызға шексіз ризамын, – деп, сахнадан түсіп қасыма келіп отырғанда көзінен жасы тамшы-тамшы болып ағып тұр екен. Ал Сұлтанәлі Балғабаевқа берген кезде, сахнада тұрып: – Мен Шиеліден бұндай атақ аламын деп ойламаған едім. Бұл маған берілген Шиелі халқының аванысы деп қабылдаймын, мен бұл атаққа өзімді лайық деп есептемеймін – деді. Ал республикаға белгілі нейрохируг Оразмаханұлы Шынжырбайға бергенде сахнадан түсіп келіп, орнымыздан тұрып, құттықтап жатқан біздерге, – Ағалар рақмет! Сіздер мені құттықтап жатсыздар. Мен осы атақты алып жатқаныма ұялып тұрмын. Біз атақ алатын жасқа жеткен жоқпыз. Біз халыққа қызмет жасайтын жастамыз. Атақ қуатын шағымыз алда, – деді. Шынында да бұл азаматтардың бізге берілген атақты шынайылықпен, таза қабылдауы олардың азаматтық пайымының биік, қоғамдағы өз орнына лайық екендігін байқатады.
Ал біздің ауданда кейінгі жылдарда осы атақты алуға жастар жағының құлшынысы жоғары. Мысалы, өткен жылы жасы 50-ден жаңа асып, өмір жолының соқпағына жаңа ғана түскен азаматтарға берілуі. Сол атақты алғандарға да, бергендерге де ыңғайсыз секілді көрінеді. Ал Бидайкөл ауылында жасы сексеннен асқан «Еңбек Қызыл ту» ордені, Қазақстанның ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген атағы бар, аудандық, облыстық, партия комитетінің мүшесі т.б атақтары бар Әлжан Мәдиев ағамыздың ала алмай жүргенде жап-жас, қылшылдап тұрған азаматтарға берілуі марапаттау комиссиясының, депутаттардың елді, халықты толық білмейтіндігінен, зерделемейтіндігінен болып жатқан сияқты.
Сонымен қатар 3 Призиденттің қолын алған Орынбай Ахметовтың тізімге енбей қалуы қынжылтады. Жасы кіші інілер ағаларына жол беріп жатса, абыройларының арта түсетіні анық. Аталған атақтың жылына бес адамға ғана берілгені дұрыс. Туған жерден жырақта жүріп, Шиелінің абыройын асырып жүрген азаматтарға зейнет жасына жетпей-ақ, ал аудан тұрғындарына жасы зейнетке жеткеннен кейін берілсе деген ұсынысымыз бар. Сонымен бірге осы атақты берер алдында тиісті комиссиясы жасы үлкен, елге жасаған қызметі ескерілмей тасада қалып қойып жүрген азаматтарды зерттеу қажет сияқты. Ол үшін марапаттау комиссиясы, аудан әкімінің жауапты қызметкерлері елдің тарихын, азаматтарының елге жасаған еңбегін жақсы білуі тиіс. Жоғарыдағы аты аталған екі азаматпен бірге әлі күнге дейін еңбегі еленбей тасада қалып жүрген, Шиелі ауданының осындай іргелі ауданға айналуының алғышарттарын жасаған еңбегі ерен ұстаздар қауымның өкілдері бар. Отыз жылдай мектеп басқарған, СССР, ҚазССР халық ағарту ісінің үздіктері Әбен Бакиров, Абай Баукенов, бұрынғы «Коммунизм» колхозының атақты механизаторлары С.Айтасов, М.Үрпеков, (орден медальдары жетеді). Төңкеріс колхозының бригадирі Құрманбек Қаракеев, Ы Жақаев атамыздың ізбасарлары Шәркүл Мүсілімова, Күнімхан Байжігітова т.б ұмытылып жүрген азаматтарды аудандық ардагерлер кеңесі марапаттау комиссиясымен бірге зерделеген дұрыс сияқты.
Еліміз, халқымыз қазіргі таңда үлкен экономикалық-әлеуметтік жаңа дәуірдің алдында тұр. Сондықтан бәріміз жұдырықтай жұмылып, Президенттің ұсынған саясатын жүзеге асыруға бағытталған кезеңде алыста жүрсек те тілегіміз, жүрегіміз сіздермен бірге. Жаңа жыл бәрімізге үлкен жақсылық, туған жерге құт береке алып келсін дегіміз келеді.
Есіркеп ШәДІБЕКОВ,
ҚР Журналистер одағының мүшесі
ҚР Журналистер одағының мүшесі