Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Отшашу опық жегізбесін

Отшашу опық жегізбесін

Полиция департаменті Шиелі ауданына кіретін жолдар мен шеп бекеттерінде пиротехникалық бұйымдарды автокөліктермен тасымалдау тәртібін және сертификатталмаған өнімді жеткізушілерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.
Қазір көпшілік жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық үстінде. Бұл мереке әрине, отшашусыз өтпейтіні тағы бар. Дегенмен, мамандар пиротехникалық өнімдердің пайдасынан зияны көп екендігін айтуда. Мереке кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында ұйымдастырылған «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы 15 желтоқсан күні басталды. Рейдтік жұмыс 2022 жылдың 3-қаңтары аралығын қамтиды. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өтетін «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, сатып алу, әкелу тәртібінің сақталуын тексеру болып табылады. Сондай-ақ, сертификатталмаған заттарды қолдану, тасымалдау тәртібін қатаң бақылауға алады. Оған қоса мереке күндері түрлі отшашулардың салдарынан тұрғын үйлерде пиротехникалық төтенше жағдайлардың орын алмауын қадағалайды. Айта кетейік, әкімшілік аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторлары өзінің әкімшілік аумағындағы сауда орындары мен дүкендерде түсіндірме жұмыстарын жүргізу үстінде.

Н.Төрәліұлы,
Шиели ст. ЖПб-ның полицейі полиция
старшинасы
21 желтоқсан 2021 ж. 430 0