Лимон қосылған судың денсаулыққа пайдасы
Лимон қосылған судың ағзамызға пайдалы екенін бұған дейін де айтқан едік. Оны дайындау жолы өте қарапайым. Денсаулығына алаңдаған барлық адамға қолжетімді. Оның денсаулығымызға пайдалы тұстарымен толығырақ танысқыңыз келсе, бұл жазбаға мұқият назар аударыңыздар.
1. Иммундық жүйеңізді қатайтады. Лимон С дәрумені мен калийге өте бай. Ол нерв жүйесі мен мидың қызметін жақсартып, қан қысымын қалыпқа келтіреді.
2. Лимон қышқылы сілтілі балансты да реттейді.
3. Артық салмақпен күресуге көмектеседі. Өйткені оның құрамында қандағы қант мөлшерін дұрыстайтын пектин бар. Ол қарныңыздың ашқанын көпке дейін білдіртпейді. Сондықтан сілтілі диетаны ұстайтын адамдар басқаларға қарағанда әлдеқайда тез арықтайтыны дәлелденген.
4. Лимон қосылған су ас қорыту жолдарын жақсартады. Себебі басқа ферменттермен де әрекетке түсіп, асқазан сөлін тежейді. Ал жылы су ішек-қарын жолдарын тазалайды.
5. Теріңіздің тартымды болуына септігін тигізеді. Лимон құрамындағы С дәрумені ағзаның ішінен теріні жасартады. Сол себепті лимон қосылған су ішу арқылы сіз көпке дейін қарттықты ұмытасыз. Оған қоса түрлі безеу, қара дақ секілді көзге тұрпайы көрінетін нүктелерден құтыласыз. Лимон қосылған су отқа күйіп қалып, денеңізге тыртық қойып алсаңыз да оны кетіруге көмектеседі.
6. Лимон – ең мықты антиоксидант. Ал оны суға қосып ішсеңіз, зат алмасу процесін жақсартып, ағзаңызды бос радикалдардан қорғайсыз. Холестерин мөлшерін төмендетіп, иммундық жүйені қатайтады.
7. Лимон қосылған су қаныңызды тазалайды. Сонымен бірге қан тамырлары мен күретамырды да тазалауға көмектеседі және қан қысымын төмендетеді.
Бұл сусын арқылы түрлі аурудың алдын алуға болады. Тіпті қатерлі ісікке де қарсы төтеп бере аласыз. Ең бастысы кәсіби мамандырдың айтқан тәртібі бойынша ішкеніңіз дұрыс.
https://massaget.kz