Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Лимон шырынының пайдасы

Лимон шырынының пайдасы




Лимон өзінің пайдалы қасиеттерімен бүкіл әлемге танымал. Лимонды кез келген жағдайда және кез келген тамаққа қосудың 10 себебін ұсынамыз.  1. Жарқын тері сыйлайды Бұл цитрустық жеміс адамзатқа ертеректен белгілі, сондықтан дәрігерлер мен диетологтар оның биологиялық қасиеттерін және адам денсаулығына әсерін жете зерттеп қойған. Егер ғалымдардың тұжырымдарын қысқаша қорытындыласақ, лимонды тамаққа тұрақты түрде пайдалану ағзаға тазартушы әсер береді. Ал ол өз кезегінде тері жағдайына жағымды әсер етіп, бет терісі таза, тегіс әрі жарқын бола түседі.  2. Anti-age бағдарламасын ауыстыра алады Жаңа сығылып алынған лимон шырыны – С дәруменінің көзі. Ол тері жасушаларын қышқылдандыратын күйзелістен қорғайтын қасиетке ие. Яғни, терінің қартаю процесін баяулатады. Басқаша айтқанда, ол іштей әсер ететін жақсы жасартушы құрал болып табылады.  3. Балғын дем береді Лимон қосылған қарапайым су ауызды тиімді тазартады. Ол бактерияларды жойып, демді балғын етеді.  4. Күш-қуатпен қамтамасыз етеді Лимон шырыны күнделікті сергектік қуат беріп, маусымдық тұмау кездерінде иммунитетті көтереді. Тиімді нәтиже болу үшін лимон шырынының жаңа сығылған түрін ішу керек. Себебі сергітетін дәрумен ауа мен жоғары температура әсерінен жылдам бұзылады.  5. Тоқтық сезімін сыйлайды Лимонның құрамында пектин бар: ол сумен жанасқанда көлемі жағынан ұлғаяды, сондықтан асқазанда орын алып, тоқтық сезімін береді. Пектин тәбетті реттеуге және артық тамақ жемеуге көмектеседі. Оған қоса, ол ағзадан зиянды заттарды шығарады.  6. Микробтарға қарсы тұрады Лимон шырынының антисептикалық қасиеті тамақтағы ауруды және басқа да ауыздағы немесе еріндегі тітіркенуді басуға көмектеседі.  7. Дұрыс ас қорытуға көмектеседі Лимон шырынының құрамындағы заттар өт бөлінуіне ықпал етіп, ас қорытуды жеңілдетеді.  8. Сілтілі орта түзеді Қышқыл дәміне қарамастан лимон сілтісіздендіретін өнімдерге жатады: олар ағзадағы дұрыс қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді. Күнделікті күйзелу, үйлесімсіз тамақтану, темекі және ішімдік pH көрсеткішін ағзаның жалпы "қышқылдану" жағына қарай ысырады, сондықтан тері жасушалары мен қан тамырлардың зақымдалуы, май жиналу, ұйқының бұзылуы секілді жағымсыз әсерлер орын ала бастайды. Ал лимон шырынын уақытылы қолдану – дұрыс қышқылды-сілтілі пропорцияны ұстап тұрудың жақсы әдісі.  9. Қатерлі ісіктің алдын алады Лимон қабығының үгіндісі де пайдалы қасиеттерге ие: оның құрамында онкологиялық процестердің дамуына қарсы тұратын эфир майлары мен басқа да белсенді заттар бар. Үккіштен өткізілген лимон қабығын балғын салаттарға, балықтан жасалған тағамдарға, сүзбеге және смузиге қосу арқылы оларды дәмдірек және ағзаға пайдалы етуге болады.  10. Ағзаны тазартады Лимон шырыны ағзадағы сұйықтықтың тұрып қалуымен күреседі. Лимон қосылған суды көбірек ішу арқылы өзіңізді жеңіл сезініңіз және ісінуден, зиянды заттардан арылыңыз.

Massaget.kz
05 тамыз 2019 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (8723)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (8722)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (8721)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам