Қажымұқанның талантты шәкірті
Арқаның қос өзені Есіл мен Нұраның бойында көптеген хас батыр, сондай-ақ жаурыны жерге тимеген айтулы балуандар дүниеге келген. Солардың арасынан біз Қанжығалы қарт Бөгенбай баһадүрді, Иманжүсіпті, Қажымұқан мен Балуан Шолақты бәрінен де ерекше атар едік.
Ұлы Отан соғысында екі мәрте батыр атағын алған Талғат Бигелдинов, Рейхстагқа ту тіккен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев, Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов Есіл-Нұра бойының ардақтылары.
Қайдар Оспанов Ақмолаға іргелес жатқан Астрахан ауданының тумасы. Бұл кісінің тағдыры аумалы-төкпелі заманмен тұстас келгесін көпшіліктің ойында болғанымен, тарихта таңбаланбай қалды.
Өлкетанушы-жазушы, марқұм Сейітжан Садауов өзінің «Қайдар балуан» туралы жазған кітабында «... Әттең заманы оны танымады, құрметтемеді. Бұл өмірден ол қасіретпен өтті» деуі біздің пікіріміздің айқын дәлелі іспетті.
Қажымұқанның талантты шәкірті Қайдар балуанды Ақмола өңірінің тумалары жақсы біледі. Күні бүгінге дейін жыр ғып айтқан кісілерді көзіміз көрді. Оның арғы тегі Орта жүздің белді руы Қыпшақ, оның ішінде Алтыбас елі. Атақты Бұлғақ батырдың ұрпақтары.
Қайдар Оспанов туралы қазақтың белгілі елтанушы қаламгерлері Жайық Бектұров, Баянғали Әлімжанов тың мәліметтер қалдырғаны белгілі. Қажымұқанмен ол 24 жасында кездесіпті. 1919 жылы Қызылжардан Ақмолаға келе жатқан бетінде Қажымұқан Есенбай қажының ауылына түстеніп, қол-аяғы балғадай сом денелі Қайдарға көзі түседі. Сол таныстықтың арқасында ол атақты балуанға еріп, солтүстік өңірдің, сондай-ақ оған шекаралас жатқан Ресейдің Сібір қалаларында өнер көрсетеді.
Мысалы, 1934 жылдың күз айында Қажымұқанның қасына ерген 11 балуанның бірі ретінде Қызылжар қаласында едәуір уақыт ойын көрсетіпті. Сонда дүйім жұртқа аты белгілі Мишоборов, Ян-Цыган, Лаврентьев, Август секілді алып балуандар цирк өнерін, сондай-ақ француз күресінен жекпе-жектер жасап, оған күреске ебі бар әлді қазақ жастарын тартып отырған.
Ақмолалық Қайдар Оспанов Қажымұқан атамыздың мейлінше талантты ізбасары болғанын сонда қазақ жұрты байқағанға ұқсайды. Онкүндік айқаста Қайдар Оспановқа бірде-бір балуан тең келмеген. Олардың ішінде грузин, поляк, қырғыз тағы басқа ұлттардың ұландары болған.
Бозкілемге шыққан 8 балуанды басымдықпен жеңгені үшін Қайдарға І дәрежелі жүлде беріледі. Бірақ ақша салынған конвертті сол кезде қазақтың мәрт жігіті Қызылжар қаласындағы жетім балалар үйіне бергізіпті.
Бұдан кейін Қажымұқан оны 1926-1927 жылдары Ташкентте өткен ойын-сауыққа алып барады. Қайдар – шетелдік балуандар тәрізді көрермендерін қызықтырып, бетіне түрлі маска тартқан сирек қазақтардың бірі. Ол цирк өнерін қысқа уақыт ішінде жетік меңгере білген.
Тура Қажымұқандай үстінен көлік жүргізіп, кеудесіне темір төс қойғызып, сом балғамен тас жарғызған.
Жүген көрмеген арқандаулы екі асау ат екі жаққа тартқанда оның тастүйін жұдырығын жаза алмай қарғып бұлқынғандарына жұрт аң-таң болатын-ды.
Тағы бір өнері: жуан белтемірді мойнына оп-оңай орап, сондай шапшаңдықпен жазып жіберетіні – оның ерекше қара күш иесі болғанын айғақтап тұрғандай. Бұл Қажымұқан үйреткен цирктің жұрт қызығарлық ойыны кім көрінгеннің қолынан келмегені анық. Тура осы асыл ағасы сияқты ол бір кісіні иығына отырғызып, ерлер толы арбаны жүгіре сүйрегені талай рет Қайдардың бағын аспандатып еді. Айта берсе, Ақмола өңірінен шыққан атпал азаматтың ел көңілін көтерген қызықты ойын тәсілдері аз болмаған.
20 мм ұзын шегелерді қалыңдығы 5 см тақтайға жалаңаш алақанымен бір ұрғаннан ар жағынан бір-ақ шығарған кісі.
Қайдар жуандығы саусақтай ұзын темір шегелерді жас қыздың шашындай жылдам өретінін көрген көздер аз таңданыста болмағанын біз де естігенбіз. Сол бұралған шегелерді біздің ағайындарымыз қалап сұрап алып, бертінге дейін сандық түбінде сақтады.
Кейбірін балуан атамыз жаңа босанған келіншектердің ер балаларына сыйға тартқан деседі.
Қайдар Оспанов ғұмырында қиыншылықты көп көрген. Мысалы, әйелі Қадиша масақ теріп кінәлі болып, Кеңес жүйесінің кәріне аяусыз ұшырайды. Соттан құтқармақ болған Қайдардың соңына шам алып түскендер аз болмады.
Қажымұқанның мектебінен өткен кісі қазақ даласының астан-кестеңін шығарған қуғын-сүргіннің құрығын да көрген.
Бірде Көкше жағында, енді бірде Ақмола өңірінде өмір сүрсе де қу кедейшілік оның соңынан қалмады.
Қайдар тек қана қуаты бойынан асқан қара күштің иесі ғана емес, ол жаны нәзік ақын болған.
Сұрасаң әкем – Оспан,
атым – Қайдар,
Дұшпанға ерегескен көзім жайнар.
Ақырып арыстандай айға шаптым,
Ешнәрсе бөгет болмай, өзен-сайлар.
Алтыбас – руым,
нағашым – Қарамеңді,
Сайрандап араладым талай жерді.
Қайдары Ақмоланың мұнда
кел деп,
Шақырып исполкомы наград берді.
Нағашылары Арғын атаның Жеті Момынына жататын Атығай елі. Бұл туралы Жайық Бектұров та өзінің зерттеулерінде келістіріп жазған.
Қайдардың үлкен ағасының аты Мұртаза. Көпті көрген көреген көздердің айтуынша, ол ұсталықпен күн кешкен кісі екен. Темірден түйін түйген өнерпаздың ел арасында құрметі зор болған.
Ал Қайдардың кіші інісі Кенжетай Ұлы Отан соғысынан оралмапты.
Балуанның өзінен туған ұрпақтары Ақмола өңірінің әр жерінде, сондай-ақ елордада тұрып жатыр. Оның үлкен баласына Қажымұқан өзінің атын берген. Екінші ұлын қазақтың дарабоз оқымыстысы Шоқанның есімімен атаған.
Осы мақаланы әзірлеуде бізге атақты балуанның немересі Жасқайрат Қайдаров біраз көмек берді. Әсіресе батырдың суретін тапқаны үшін ол азаматқа шексіз ризалығымызды айтамыз.
Ұрпақтарына ұлы адамдардың атын қойған Қайдар балуан 1950 жылы дүниеден өткен. Оның зираты Ақмола облысының бүгінгі Ақкөл ауданының еншісіндегі Мереке ауылының жанында тұр.
Жасынан серілік жолын ұстанған Арқаның абзал азаматы аңшылық пен құсбегілікті де жетік меңгерген. Оның қарулығына қазақпен қатар басқа ұлттар өкілдері де таңдай қағысқан. Батып қалған көлікті, саз-батпаққа белшесінен батып кеткен түйе мен жылқыны өзінің қара күшімен алып шыққанын, білекті қазақтың осы бір алып азаматы жайлы әңгімені жұрт жиі аңыз қылып айтатын-ды.
Соғыстың қызған шағы 1943 жылы ол Ақмола қаласында бірнеше рет цирк ойынынан өнер көрсетіп, одан түскен қаржыны майданға жөнелтіп отырған. Бірақ Отан алдындағы міндетін адал орындаған осы бір дарабоз азаматтың өмірінде қуаныштан гөрі қайғы-қасірет көп болған. Бірақ ол жасымады. Сондықтан Ақмола өңірінің ұландары, батырдың ағайындары мен ұрпақтары оның есімін ерекше қастер тұтады.
https://massaget.kz