Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәулігіне 120 мың қыш өндіретін зауыт іске қосылады

Тәулігіне 120 мың қыш өндіретін зауыт іске қосылады

Ордабасы ауданында биыл желтоқсан айында «Индустриаландыру картасы» аясында 2 жоба іске қосылады.

Соның бірі – жаңа озық технологиямен жабдықталған «Bokei» қыш зауыты. Жалпы құны 2 млрд 600 млн теңгені құрайтын кәсіпорында жергілікті 60 азамат жұмыспен қамтылады. Аталған қыш зауытының қуаттылығы тәулігіне 120 000 дана.
Бұл туралы брифингте 9 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылаған аудан әкімі Бағлан Батыршаев мәлімдеді.
Сондай-ақ келесі жоба – «Александровский сад» көкөніс сақтау қоймасы. Нысанның жалпы құны 800 млн теңге. Онда 15 адам жұмыспен қамтылады. Аталған қойма аудан шаруаларының өнімдерін сақтауға ыңғайлы орын болмақ. 
Ағымдағы жылдың 9 айында ауданға 15 млрд 296 млн теңге инвестиция тартылып, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 млрд 731 млн теңгеге артты. Сонымен қатар, аудан көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны – 10 954. Оларда 16 669 адам жұмыспен қамтылған. Өндіріс саласында жалпы 39 кәсіпорын жұмыс жүргізуде. Есепті кезеңде осы кәсіпорындармен 1 млрд 599 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 353 млн теңгеге артты, - деді Бағлан Дәнебекұлы.Аудан экономикасының жетекші бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы саласы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 9 айда 50 млрд 372 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 млрд 381 млн теңгеге ұлғайды.


https://baq.kz
17 қараша 2021 ж. 423 0