Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Азот диоксиді 5, азот оксиді 2 есе көп: Эколог мамандар алматылықтардың қандай ауамен тыныс алып жатқанын айтты

Азот диоксиді 5, азот оксиді 2 есе көп: Эколог мамандар алматылықтардың қандай ауамен тыныс алып жатқанын айтты

Алматы ауасында азот диоксиді 5, азот оксиді 2 есе көп. Бірақ жасыл экономика басқармасы алматылықтар қалыпты деңгейдегі ауаны жұтып отыр деп есептейді. Алматының ауасына зиянды қалдықтардың 42 пайызы жеке сектордағы үйлердің көмір жағуынан болып отыр. Экология департаментінің мамандары әкімдіктің 99 пайыз қаланы газбен қамтамасыз еттік дегендері жалған мәлімет дейді. Ал қалада жүйткіп жүрген 700 мың көліктің 40 пайызы экологиялық талаптарға сәйкес келмейтінін полиция департаменті білсе де, тыңғылықты тексермей отырғанын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп хабарлайды. 

“Техбайқаудан өтетін кезде жыл сайын зауытта орнатылған катализатордың бар-жоғы, оның жұмыс істейтін-істемейтіндігі тексерілмейді. Бұл өз кезегінде автокөліктердің двигателінен бөлінетін зиянды қалдықтар тікелей атмосфераға шығып жатыр деген сөз. Төменгі аудандарда Алатау, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб аудандарында әрбір екінші аудандарында жатақхана бар, әрбір екінші үйде жалға берілетін пәтер бар, әрбір үшінші үйде үшінші үйде монша бар. Оның барлығына қарапайым халық көмір жағып отыр”, – дейді Алматы қалалық экология департаментінің инспекторы Дінмұхаммед Лесбеков. 
Әкімдік есебіміз түзу, әлі газға қосылмаған Алматыда небәрі мың жарым үй бар. Департамент саяжайларда орналасқан үйлермен шатастырып отыр дейді. Жылына ауа массасына автокөліктерден 70 мың тонна қалдық шығарылады, ал жеке сектордан 1 мың тонна бөлінеді екен. Дәл осы статистиканы айтқан жасыл экономика басқармасының орынбасары тұрғындар лас ауамен тыныстап отырған жоқ деді. 
“Қалыпты жағдайда, өйткені бізде 72 тоннадан жоғары болуы керек үлкен ластану. Ал бізде 70 мың тонна қалыпты жағдайда”, – дейді Алматы қаласы жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев.
 Алматыда екінші жылу электр станциясы бар. Экология департаменті жылына ол жерде 2 миллион тонна көмір жағылып, 38 мың тонна зиянды қалдық шығарылатын айтты.


https://stan.kz
18 қараша 2021 ж. 410 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 27

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031