Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Асықпа...

Асықпа...











Әй, бауырым, асықпағын ажалға,
Өз денеңді тар қапасқа қамауға.
Аяқ-қол сау,басың бүтін, амансың
Ал, өзгелер қызыға саған қарауда.
Сонда да олар мойымайды,көнбейді,
Болашаққа сенімменен өрлейді.
Бір берілген мүмкіндік бұл өмірде,
Қайта оралып ешқашан да келмейді.
Арманыңды іске асыр, талпына түс,
Адамшылық әрекет қыл, қалпыңа түс.
Ауыртпалық салса да иығыңа,
Сынбағын, сыналсаң да артына түс.
Бағалай біл жанындағы адамды,
Аңдап бас әрбір басқан қадамды.
Жеңе біл,өмірдің бар кедергісін,
Бола білгін бұл өмірде табанды.
Өткеніңді ойлай бермей, ал сабақ,
Дос таңдасаң ниетіне ал қарап.
Сонда ата-анаң қуанады сен үшін,
Мақсатыңа жету үшін қой талап.

Жаннұр Нұрланқызы,
№214 орта мектебінің
8 сынып оқушысы.
03 сәуір 2018 ж. 949 0