Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Борсықты ұрған сайын семіреді

Борсықты ұрған сайын семіреді

Сыбайлас жемқорлық – мемлекетіміздің экономикалық, саяси дамуына бірден-бір кедергі болатын тұсау-шідер десе де болады. Қоғамның бір кезеңінен екінші бір кезеңіне өту кезінде етек жайған кылмыстың бір түрі – осы сыбайлас жемқорлық болып табылады. Мұнымен күресу тек құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес, баршамыздың ортақ міндетіміз. Өйткені, бұл – қоғамға өте қауіпті індет. Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық заманмен бірге небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған кеселге айналды. Ұлы Абай атамыз, «Пайда ойлама ар ойла» дейді. Расында, парақорлықтың соңы абырой алып бермесі анық. Себебі, бұл күндері парақорларды әшкерелеудің небір айла тәсілін ойластырғанымызбен жең ұшынан жалғасатын індет жойылмай тұр. Керісінше, «борсықты ұрған сайын семіредінің» кейіпіне еніп бара жатқандай.

Арайлым Нұрманова
09 қараша 2021 ж. 424 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930