Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен күрес – жалпыға ортақ міндет

Жемқорлықпен күрес – жалпыға ортақ міндет

Адам баласына бесенеден белгілі сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге жасасып, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай жатқан қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өтпеді.
Сыбайлас жемқорлық – өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі. Қазақстан Республикасы – ТМД елдерінің ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы заң қабылдаған бірінші және бірден-бір мемлекет. Еліміз үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.Сол себепті Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің жеті басымды бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен тайсалмас және аяусыз күресті атады. Өйткені, сыбайлас жемқорлықты жеңу құқықтық мемлекетті құрудың жалпы мойындалған шарты болып табылады.
Осы тұста есімі бүкіл әлемге мәшһүр Ли Куан Ю орамды ойын айта кетпесек болмас, «Егер билік басындағы жемқорлықты құртпаса, онымен күресу еш нәтиже бермейді» деген екен. Алайда, билік басындағы жемқорлықты қанша жерден жоюға тырысқанмен, оның сейілмейтіндігі сезіліп-ақ тұр. Әсіресе, біздің елде сыбайлас жемқорлықпен күрес ісі барынша қатаң әрі үздіксіз жүргізіліп келе жатқандай. Бірақ тыйылар емес. Сондайда неліктен деген сауал туындайды. Бәріміз де жемқорлық неге жоғалмайды деп ойлаймыз ғой. Ал оның құрымайтындығының сыры тым тереңде.
Әрине, Ли Куан Юдің жемқорлықты жоюды қолданған амалының сол ел үшін қарымы зор болған шығар. Бірақ біздің ел үшін жемқорлықпен күресте тәрбие, білім, имандылықтың салмағы басым ба дейміз. Абай атамыз «Ұрпаққа арсыздықты әкелетін арам байлықты емес, асыл мұра ретінде тәрбие, білім, имандылықты қалдыр» деген еді. Байқасаңыз, жоғарыдағы сұрақтың жауабы Абай атамыздың осы бір сөзінде жатқан секілді. Өйткені, атадан асыл мұра ретінде оң тәрбие, озық білім мен имандылықты бойына тоқып өскен бала ғана жамандықтан өзін аулақ ұстайды.

Әлия ОМАРҚЫЗЫ,
Шиелі аудандық Қазынашылық басқармасы бас маман, бас қазынашы
26 мамыр 2020 ж. 547 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930