Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар коронавирусқа төтеп беретін антидене мөлшерін анықтады

Ғалымдар коронавирусқа төтеп беретін антидене мөлшерін анықтады

Ғалымдар коронавирустан қорғауға жеткілікті антидене көлемін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Известия басылымына сілтеме жасап. 

Гамалея атындағы орталық директоры Александр Гинцбург айтуынша, орталық 4 мың адаммен зерттеу жүргізген.
Коронавирустың дельта-штаммынан қорғану үшін халықаралық бірліктегі кемінде 300 антидене қажет болатыны анықталды. Егер антидене көлемі аз болса, онда "Спутник Лайт" препаратын салғызу керек.
Егер "Спутник Лайтпен" вакциналаудан кейін антидене  мөлшері 350-400 деңгейінде болса, онда "Спутниктің" екінші компонентін салғызуға болады.
"Егер адам ағзасында 500 бірліктен көп антидене болса, онда бұл коронавирус жұқтырудан қорғайтын мінсіз мөлшер", - деді ғалым.
Гинцбург халықаралық бірлік деп banding antibody units-ті (антиденелердің бейтараптандырушы бірлігі) меңзеп отырғанын түсіндірді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жақында ғана осы өлшемді енгізген болатын. 

https://stan.kz

08 қараша 2021 ж. 415 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031