Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Серіктестік. Сенімділік. Даму. Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу.

Серіктестік. Сенімділік. Даму. Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігімен ел экономикасына инвестиция құю процессін оңтайландыру мақсатында, сондай - ақ инвесторларды қағазбастылықтан және сыбайлас жемқорлық фактілерінен сақтау үшін “Protecting Business and Investments” жобасы іске асырылып жатыр.
Өңірімізде Департамент тарапынан бүгінгі таңда жалпы құны 557,1 млрд. теңге болатын 27 (6 шетелдік және 21 отандық жоба) ірі инвесторлар жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынып, жұмыс атқаруда.
Біздің миссиямыз-Қазақстан халқының игілігі үшін сыбайлас жемқорлықты жою. Біз азаматтарды және мемлекеттік институттарды сыбайлас жемқорлықтан сенімді қорғайтын кәсіби, ашық, тиімді және нәтижелі құқық қорғау органының мәртебесіне толық көлемде сәйкес болу үшін басталған жұмысты жалғастыру. Біз мұны әділдік, парасаттылық және сенім сияқты іргелі құндылықтарға сүйене отырып жасаймыз.
Осы ағымдағы жылы департаментпен «NURАGER» ЖШС-нің 500 млн.теңге тұратын (Күріш сабанынан целлюлоза өндіру зауытын салу), «ВЕГА-Пром» ЖШС-нің 103 млн.теңге тұратын (Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру бойынша цехты кеңейту) жобалары, сонымен қатар Игіліков" ЖК-дің 100 млн. теңге тұратын «Балық қалдықтарынан жасалған балық ұнын өндіру», "Молдир и К" ТС-нің 148 млн. теңге тұратын «Құс фабрикасы құрылысын кеңейту», Қармақшы-Құс"» ЖШС-нің 1,5 млрд.теңге тұратын «Еттен және ауылшарушылығы құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру» жобалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынды.
Осы жоба аясында инвесторлар сыбайлас жемқорлық фактілерінің кез келген көріністеріне жол бермеуге, қандай да бір заңсыз факт туындайтын болса, тікелей Агенттікке және оның аумақтық Департаменттеріне баяндау туралы келісімге қол қойылып бүгінгі таңда департаментпен жұмыстар жүргізілуде.
Өз жобасын жүзеге асыру барысында әкімшілік кедергіге ұшыраған кәсіпкерлер ашық диалог алаңдары арқылы құқықтарын қорғай алады. Мемлекеттік органдар жұмысын жетілдіруге де ұсыныс беруге мүмкіндік бар. Бұл біздің қоғамда анткоррупциялық мәдениет қалыптастыруға септігін тигізеді. Департамент өз кезегінде инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін ыңғайлы бизнес-климат қалыптастыру үшін жағдай жасайды.
"Егер сіз инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлықсыз және қажетсіз төлемдерсіз іске асырғыңыз келсе, біз жобаңызды қорғауға кепілдік береміз.
Сізден не талап етіледі? Ашық келісімге қосылу және өз тарапынан сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол бермеу.
Жобалық кеңсе Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 156 А мекенжайы бойынша орналасқан. Толық ақпаратты жоба менеджерлерінен алуға болады. Байланыс құралдары: +7 7242 23 06 90, +7 707 205 00 59, https://www.facebook.com/antikor.kyzylorda/ парақшасына және apvo.kzo@mail.ru электронды почтасына тиісті ұсыныс-пікірлеріңізді жолдай аласыздар.
«Protecting Business and Investments» сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасының есігі әрқашан ашық екендігін назарларыңызға саламыз.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша хабарламаларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тәулік бойы жұмыс жасайт
ын 1424 Call-орталығына хабарлай аласыз, қоңырау шалу тегін. Сіздің хабарламаңыз міндетті түрде қаралатын болады.
03 қараша 2021 ж. 160 0