Мұсылман болған кәрістің қызы
ӨТКЕН ҒАСЫРДЫҢ 1946-ШЫ ЖЫЛЫ БОЛАТЫН. КӨКЖИДЕ ДЕГЕН ЖЕРДЕ ОТЫРАМЫЗ. СОЛ ЖЫЛЫ КӨКТЕМДЕ ҚАСЫМЫЗҒА БІР КЕЙУАНА КӨШІП КЕЛДІ. БІЗДІҢ ҮЙДЕН БІР ШАҚЫРЫМДАЙ ЖЕРДЕ ҮШ АҒАЙЫНДЫ КІСІДЕН ТАРАҒАН ТӨРТ-БЕС ҮЙ ЖЕР КЕПЕДЕ ТҰРАТЫН. КЕЙУАНА СОЛ ІНІЛЕРІН САҒАЛАП КЕЛГЕН ДЕСЕДІ. ҚАЛЫҢ ТОҒАЙ АРАСЫН МЕКЕН ЕТЕТІН ТУЫСТАРЫНЫҢ ТҰРАҒЫ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ КЕЙУАНА ҮШІН ҚОЛАЙСЫЗ ЕКЕН. КЕЙУАНАНЫҢ ҮЙІН ЖАБЫЛЫП ТІГІП БЕРГЕН ІНІЛЕРІ «АПА ҚОНЫСЫҢ ЖАЙЛЫ БОЛСЫН» ДЕП КЕРІ ҚАЙТТЫ. БҰЛ ҮЙДЕ 12-13 ЖАСҚА ҚАРАҒАН БІР ҚЫЗ БАР ЕДІ. ҚАЗАҚЫ САЛТТАН АТТАМАЙ, КӨШІП КЕЛГЕН ЖАҢА КӨРШІЛЕРГЕ ЕРУЛІК БЕРІП, ШЕШЕМ ДАСТАРХАН ЖАЙДЫ. ШАЙ БАСЫНДА ТАНЫСТЫҚ БАСТАЛЫП, АТА-ТЕГІН СҰРАСЫП ЖАТТЫ. СОНДА ӘЛГІ КЕЙУАНА ҚАСЫНДАҒЫ КӘРІС ҚЫЗДЫ БАЛАЛАР ҮЙІНЕН АСЫРАП АЛҒАНДЫҒЫН АЙТТЫ. ОСЫЛАЙША КӨРШІ-ҚОЛАҢ ЕТ-ЖАҚЫН АРАЛАС-ҚҰРАЛАС КҮН КЕШІП, КӘРІС ҚЫЗ ЕКЕУМІЗ ТЕЗ ТІЛ ТАБЫСЫП КЕТТІК.
Бірге ойнаймыз, қасымыздағы тоғайдан шамамыз келгенше отын әкелеміз. Кейуананың азғантай уақ малы мен сиырлары бар. Біздің де он шақты қой, ешкіні қосып, екі үйдің малын бірге өріске шығарамыз. Балалық үрей басым кез. Үйден ұзауға қорқамыз. Алайда, кәріс қыз өте пысық еді. Кейуанамен бірге бес-алты сиырды сауып, сүт пісіріп, қатық ұйытады. Кәріс қызы демесеңіз, кейуана қазақы тәлім-тәрбиенің бәрін үйретті. Күбі пісіп, май алды. Сүзбе жасап, құрт жайды. Ірімшік қайнатып, диірмен тартуды да үйренді. Жастайынан үй шаруасына беиім кәріс қызы қамыр илеп, нан жапқанда кейуана бір тыныстап қалатын. Қыздың ынта-жігеріне риза болған кейуана оны әдемі киіндіріп, өз қызындай еркелетіп, бар шаруаны сеніп тапсырып кететін күйге жетті.
Бірге ойнаймыз, қасымыздағы тоғайдан шамамыз келгенше отын әкелеміз. Кейуананың азғантай уақ малы мен сиырлары бар. Біздің де он шақты қой, ешкіні қосып, екі үйдің малын бірге өріске шығарамыз. Балалық үрей басым кез. Үйден ұзауға қорқамыз. Алайда, кәріс қыз өте пысық еді. Кейуанамен бірге бес-алты сиырды сауып, сүт пісіріп, қатық ұйытады. Кәріс қызы демесеңіз, кейуана қазақы тәлім-тәрбиенің бәрін үйретті. Күбі пісіп, май алды. Сүзбе жасап, құрт жайды. Ірімшік қайнатып, диірмен тартуды да үйренді. Жастайынан үй шаруасына беиім кәріс қызы қамыр илеп, нан жапқанда кейуана бір тыныстап қалатын. Қыздың ынта-жігеріне риза болған кейуана оны әдемі киіндіріп, өз қызындай еркелетіп, бар шаруаны сеніп тапсырып кететін күйге жетті.
Анасы мен қызының арасындағы мейірім мен махаббатты байқамау мүмкін емес еді. Арада 2 жылға жуық уақыт өтті. Бақытты, тату-тәтті күндер өтіп жатты. Бірақ, ойламаған бір күні кейуананың үйіне қыздың апасы мен ағасы келіп, «біз сені алып кетуге келдік, еліңе орал» деді. Алайда, бар мейір-махаббатты кемпірден көрген кәріс қызы «мені кезінде керек етпей балалар үйіне тастап кеттіңіздер. Ал, мені ешкімнен кем қылмай, бар тәттісін аузыма тосып, бар тәуірін маған кигізген адамды жалғыз қалдырып кетпеймін. Енді келген жақтарыңа кері қайтыңдар, мына кемпірдің көз жасын көргім келмейді» деп қасарысып тұрып алады. Иә, ағайын кәріс қызы кейуананың мойнына асылып, бетінен сүйіп, сол күннен бері туғанынан да жақын жанға айналды.
Білмейтін жан үшін ертегідей көрінер. Бірақ, бұл расыменде болған оқиға. Сол кәріс қызы кейуанамен бірге намазға жығылып, мұсылман болды. «Түнде жатқанда тіліңді кәлима айтуға жаттықтырсаң, қазақтың тілін тез үйренесің» деп қызға ақылын айтты. Кейуананың тәрбиесін алған қыз 6 жылда таза қазақша сөйлеп шықты. «Ұстаздан шәкірт озады» деген сөз бекерге айтылмаған болу керек. Бұл қыз салт-дәстүрді үйреніп қана қоймай қазақтың өлеңдерін де нақышына келтіріп айтушы еді. Тіпті, қамажайды айтқанда кейуананың шалының тақиясын басына киіп, үкі орнына қолын жоғары көтеріп, саусағын тақияның үстіне ұстап, дөңгеленіп би билегенде еріксіз жымиясың. Ал, өткенді еске алып, осы оқиғаны тізбектеуіме түрткі болған Өркен Исмаилдың тіл туралы жазған мақаласы. Біз Тәуелсіздік алып, егеменді ел атанғанымызға 30 жыл толды. Бірақ, әлі күнге шұбар тіліміз тәуелсіз атана алмай жүр. Неге? Әлде кеңес үкіметінің құйтырқы саясатынан әлі құтыла алмай жүрміз бе? Мына мақаланың кейіпкері кәріс қыз өз тілін ұмытып, қазақ тілін қастерлеп, мақалдап сөйлегенде, бірге отырған ауылдастар мынау кәрістің қызы емес, балалар үйіне апарып өткізгенде кәріс деп жаздырған-ау әсілі деуші еді. Ендіше, неге кәрісті қазақша сөйлеткенде, қазақты қазақша үйрете алмаймыз? Иә, кешегі соғыс кезінде елімізге шешен, неміс, кәріс және басқа ұлттар келді. Біздің тілімізді өзге ұлттар керек қылды. Бір жылда бұлбұлша сайрады. Әлқиса осы мақаланың кейіпкері кәріс қыз кейуананың үйінде жүріп бойжетті.
Кейіпкерімізге қайта оралар болсақ, кәріс қызын Қызылқайың деген жердің бір жігіті алып қашып кетті. Екеуі отан болып, дарияның ар жағында қой бағып өмір сүрді. Балалы-шағалы болды. Бір күні күйеуі үйге керек-жарақ әкелуге базарға кетеді. Содан кәріс қыз отарды өріске айдап, қой бағып жүрген кезде күн күрт суып, боран болып, қар жауа бастайды. Қайда барарын білмей адасады. Күн батып, қас қарайған шақ. Тәуекелге бел буып, отар қойды жайпат жерге иіріп, өзі сол отардың ортасына кіріп отырып, таңды атырады. Күйеуі базардан кештетіп келсе, әйелі әлі келмепті. Күн суық, қар борап тұр. Не істерін білмей дереу атқа мініп, жан-жаққа шолу жасайды. Қараңғыда бағытын айыра алмаған соң, таңды күтеді. Күнделікті малдың жаяр бағытынан таба алмай, қыстау жаққа бет алғанда, ауылдан онша ұзақ емес жерден әйелі отарды айдап өргізіп келе жатқанын көреді. Әйелі қатты тоңып, сөйлеуге шамасы келмейді. Үйге әкеліп жылы төсекке жатқызып, өзі қойды жайып, кешке келсе, әйелінің ыстығы көтеріліп күйіп жанып жатқанын көреді. Шақыра қоятын жақын маңда дәрігер жоқ. Не де болса таңды күту қажет. Ол да 15 шақырымдай жер. Лажы құрып естияр көршінің баласын жібереді. Алайда, дәрігер қос өкпеге қатты суық тигінін айтып, Шиеліге жеткізбесе, аман алып қала алмайтынын айтады. Ал, Шиеліге жету үшін көлік табудың өзі қиямет. Осылай машақатпен жүргенде 3-4 күн өтіп кетті. Ферма басшысының көлігімен әйелді емханаға жеткізгенімен ауру дендеп, он шақты күннен соң кәріс қызы көз жұмады. Тілі де, тірлігі де қазақылықпен байланысып жататын кәріс қызы жастай жарық дүниемен осылай қош айтысып кете барды. Соңында 3 баласымен күйеуі қалды. Арада 1 жеті өткен соң, әлгі қойшы кейуана тұратын қыстаққа келді. Не болғанын білмекке шешем Әшіркүлмен ілесе барған едім. Сол жерде суық хабарды естіп, қабырғамыз қайысты. Ол біздің жадымызда кәріс қызы деп сақталғанымен қазақы болмыс иесі болатын.
Мен бұл мақала арқылы кәріс қызын дәріптеуді емес, қазақ тілінің құдіретін, оны ынталы адам тез меңгере алатындығын меңзегім келді. Тілге тек Ө.Исмаил не болмаса журналистер жанашырлық танытпауы керек. Тілге әр қазақ құрмет көрсетуі тиіс. 30 жылда алға қарай 30 қадам жасай алмасақ, Қазақстан мемлекетінің халқы қазақша сөйлей алмаса, Тәуелсіздігіміздің құны түспей ме? Бұл Тәуелсіздік үшін жанын қиған боздақтарға жасаған қиянатымыз емес пе? Соны ойланайық...
Жұмабек ӘЛТАЙҰЛЫ,
Шиелі ауданының «Құрметті азаматы»
Шиелі ауданының «Құрметті азаматы»