Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда келер айдан бастап 12 жасқа толған балаларға вакцина салынады

Қазақстанда келер айдан бастап 12 жасқа толған балаларға вакцина салынады

Келер айдың соңында елімізде 12 жасқа толған балаларға коронавирусқа қарсы екпе салына бастайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері хабарлап отыр деп жазады "Хабар 24". 12 жасқа толған балаларға коронавирусқа қарсы екпе салу үшін елге арнайы Pfizer компаниясының вакцинасы әкелінеді. Екпе медициналық мекемелерде ғана салынады. Оның өзінде, ата-аналар баласына екпе салдыруға жазбаша түрде рұқсат беруі тиіс. Екпе салмас бұрын әр баланың денсаулығы тексеріледі. Вакцинаның дозасы 0,3 миллилитр. Ақ халаттылардың сөзіне сенсек, қан аурулары, сал ауруына шалдыққан, Даун синдромы бар жасөспірімдерге де вакцина салдыруға болады. "Балалар тек қана тасымалдаушы болады екен, оларда коронавирус жеңіл өтеді екен деген тағы бір түсінік бар. Баланың ағзасына вирустың көп дозасы түссе, ол ауыр деңгейде өтуі мүмкін. Халық арасында дұрыс түсінік болуы қажет. Бұл вакцина балаларымыздың денсаулығына коронавирустың зардабын төмендетеді", - дейді ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ҰО басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева. Еске салсақ, бұған дейін үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша алдағы қыс мезгіліне арналған жаңа болжамын жария еткен еді.

https://kaz.nur.kz
27 қазан 2021 ж. 470 0