Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайға қатысты соңғы мәліметтер шықты. Оған сәйкес, өткен тәулікте 1 551 адамнан коронавирус анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Айта кетсек, 25 қазандағы жағдай бойынша, елімізде 1 353 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған еді. Ал 26 қазандағы жағдай бойынша бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 1 551-ге дейін өсіп отыр. Олардың: 132-і Нұр-Сұлтан қаласынан 230-ы Алматы қаласынан 38-і Шымкент қаласынан 121-і Ақмола облысынан 45-ы Ақтөбе облысынан 88-і Алматы облысынан 30-ы Атырау облысынан 90-ы Шығыс Қазақстан облысынан 26-ы Жамбыл облысынан 47-і Батыс Қазақстан облысынан 152-і Қарағанды облысынан 110-ы Қостанай облысынан 34-і Қызылорда облысынан 7-і Маңғыстау облысынан 223-і Павлодар облысынан 147-ы Солтүстік Қазақстан облысынан 31-і Түркістан облысынан. Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 932 688-жетті. Сонымен қатар, өткен тәулікте, 2 052 адам дерттен жазылып шыққан. Қазір елімізде 49 938 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 8 584 пациент стационарда, 41 354 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 628 адамның жағдайы ауыр, 130 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 101 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
https://kaz.nur.kz
https://kaz.nur.kz