Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Отандық ғалымдар ағзаны вирустан қорғайтын өнім ойлап тапты

Отандық ғалымдар ағзаны вирустан қорғайтын өнім ойлап тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемді індет жайлаған кезеңде организмді вирустан қалай қорғап, созылмалы аурулар мазаламас үшін иммунитетті қалай көтеруге болады? Соңғы уақытта әрбір қазақстандықты осы сұрақ мазалап жүргені анық. Отандық ғалымдар ағзаны вирустан қорғайтын өнім ойлап тапты.

National Laboratory Astana (NLA) Nazarbayev University зертханасының мамандары ағзаны әрлендіретін НӘР деп аталатын синбиотикті жасап шығарды.
Синбиотикалық сусынның созылмалы ауруға шалдыққан адамдарға ем-домдық ықпалы клиникалық тұрғыда дәлелденген. Сондай-ақ ол қант диабеті, метаболизмдік синдром, артериялық гипертензия мен артық салмағы бар адамдардың денсаулығын жақсартады деп отыр мамандар.
Өнім құрамына бірегей пробиотикалық ашытқы, пектин, инулин мен антибиотикпен емделген соң және және созылмалы ауруларды емдегенде организмді қалпына келтіретін балық коллагені кіреді. Жылдам сіңетін микроэлементтер мен дәрумендерден тұратын сусын ішкі факторлар мен қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен жасушаларды қорғайды.
Өсімдік талшықтары мен Жапонияда өндірілген балық коллагенінің арқасында сусын өмірлік қажетті аминқышқылдары мен минералдың қорларын толтыра алады. Жалпы, өнім ұзақ өмір сүруге себеп болады және онкологиялық аурулардың алдын алуда тиімді. Қазақстандық ғалымдар әзірлеген формула иммунитетті нығайтып, холестерин деңгейін төмендететін сусын алуға мүмкіндік береді. Сусын ішектің микробтық балансы бұзылғанда пайдалы. Оны кез келген жастағыларға қолдануға болады, - дейді әзірлеуші ғалымдар.
Отандық сусынды жасап шығарғанда ғалымдар кешенді пробиотикалық, сондай-ақ антиоксидантты қасиеттерге ие қымыз, шұбат, айран секілді ұлттық сусындардың микроорганизмдерінің бірегей штамдарын қолданыпты. Өнім антингентоксикалық қасиетінің арқасында колоректалды обырдың алдын алуға және қарт адамдардағы метаболизмдік синдром мен кардиоваскулярлық ауруларды емдеуге бағытталған көрінеді.
24 қазан 2021 ж. 411 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031